Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы N 417 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 27 наурызда N 10-9-82 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы N 1335 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.02.11 N 1335 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 1 тармағын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек беру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға
теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы
еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдарына және соғыста қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу нұсқаулығы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Қаулы алғашкы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы                           С. Сермағамбетов

2009 жылғы 23 ақпандағы
N 417 қаулысымен бекітілген
қосымша

Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығы

1. Жалпы ереже

      1. Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасына сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысушылыр мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдарға және соғыста қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына сондай-ақ, соғыс жылдары тылда алты айдан кем емес еңбек еткен еңбеккерлеріне тиісті бюджеттерден коммуналдық шығындары және телефон байланысы үшін өтемақы төлеуді белгілейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шиелі ауданы әкімдігінің 2010.07.30 N 1124 қаулысымен.
      2. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындап, төлеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізіледі.
      Көрсетілетін әлеуметтік төлемдер жаңартылып (өзгертіліп) отыратын көрсеткіштер негізінде тағайындалып отырады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шиелі ауданы әкімдігінің 2010.07.30 N 1124 қаулысымен.

2. Коммуналдық қызмет түрлері және телефон байланыс
шығындары

      1. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік көмектер ай сайын (қосымша есебіне сәйкес) төмендегі коммуналдық қызметтердің түрлері бойынша тағайындалады.
      1) Электр жарығы;
      2) Жылу қызметі;
      3) Ауыз және аяқ су қызметтері;
      4) Газ қызметі;
      5) Канализация;
      6) Қоқыс шығару шығындары;

3. Қаржыландыру және төлеу.

      1. Бағдарлама әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі болып табылады.
      2. Телефон байланысы үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы: Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға беріледі.
      3. Өтемақы алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) Өтініш;
      2) Жеке басын куәландыратын құжат;
      3) Азаматтарды тіркеу кітабы;
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың, тылдағы қажырлы еңбек еткен азаматтардың құқығын растайтын марапатталған ордендері мен медальдарының куәліктерінің көшірмелері немесе оны растайтын құжаттары;
      4. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шиелі ауданы әкімдігінің 2010.02.26 N 875 қаулысымен.
      5. Тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының Заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады. Нұсқаулыққа сәйкес бұл көмек бойынша бюджетте бөлінген қаржы көлемінен артық кредиторлық қаржы жинақталмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады