Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төле нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 1124 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 03 қыркүйекте N 10-9-135 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы N 1335 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.02.11 N 1335 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 1 тармағын және 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 27 наурызында N 10-9-82 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 11 сәуірдегі N 33 /7649/ санды шығарылымында жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасымен бекітілген Нұсқаулықтың 1-тармағындағы "Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасына сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысушылыр мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдарға және соғыста қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына сондай-ақ, тиісті бюджеттерден коммуналдық шығындары және телефон байланысы үшін өтемақы төлеуді белгілейді."-деген сөздер тиісінше "Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасына сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысушылыр мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдарға және соғыста қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына сондай-ақ, соғыс жылдары тылда алты айдан кем емес еңбек еткен еңбеккерлеріне тиісті бюджеттерден коммуналдық шығындары және телефон байланысы үшін өтемақы төлеуді белгілейді."-деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ:
      "Көрсетілетін әлеуметтік төлемдер жаңартылып (өзгертіліп) отыратын көрсеткіштер негізінде тағайындалып отырады." - деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                     Қ. Мүбараков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады