Жекелеген санаттағы азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөнінде қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы N 1335 қаулысы. Қызылорда облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 наурызда N 10-9-196 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы N 1791 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012.01.20 N 1791 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуіріндегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Шиелі ауданы мәслихатының "Шиелі ауданының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 41/2 шешімін іске асыру және жекелеген санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне жылына бір рет айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген сомасы мөлшерінде және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға жылына бір рет айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген сомасы мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.
      2. Төмендегі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 27 наурыздағы N 10-9-82 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 11 сәуірдегі N 33 (7643) санды шығарылымында жарияланған);
      2) Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" N 875 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу мемлекеттік тіркеу тізімінде 2010 жылдың 11 наурызда N 10-9-107 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2010 жылғы 20 наурыздағы N 27-29 (7757-59) санды шығарылымында жарияланған);
      3) Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 30 шілдедегі "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдердің түрлерін төлеу нұсқаулығын бекіту туралы" N 417 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" N 1124 каулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу мемлекеттік тіркеу тізімінде 2010 жылдың 09 қыркүйегінде N 10-9-135 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі N 75(7805) санды шығарылымында жарияданған).
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Қ.Мүбараковқа жүктелсін.
      4. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                                 Н. НӘЛІБАЕВ                                                          

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады