Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010.02.15 N 855 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 1 тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шиелі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" N 485 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 22 мамырында N 10-9-85 болып тіркелген, аудандық Өскен-өңір" газетінің 2009 жылғы 3 маусымдағы N 51 шығарылымында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
- аталған қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес (қоса тіркелді) жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Мүбараковқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ
2009 жылғы 19 қазандағы
N 669 қаулысына қосымша
2009 жылғы 27 сәуірдегі
N 485 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың
ҚАҒИДАСЫ
1. Жалпы қағидалар
1. Бұл қағида халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды
жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен
қаржыландырудың тәртібін анықтайды, ұйымдармен есеп айырысу жүйесі
мен басты шарттарын реттейді.
2. Бұл қағида да пайдаланған негізгі түсініктер:
1) әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін республикалық бюджет есебінен өтеп берілетін жұмыс орындары;
2) нысаналы топтар "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген жұмысқа орналасуда қиындыққа тап болған және әлеуметтік қорғауға зәру адамдар топтары;
3) нысаналы топтарға жататын (табысы аз адамдар) азаматтар:
- жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті ата-аналар, көп балалы ата-аналар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған), мүгедектер, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар, бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар, оралмандар, оқу орындарын бітірушілер, жұмыс орындарынан қысқартылған азаматтар, жартылай жұмыспен қамтылғандар, ұзақ мерзімді жұмыссыздар.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеткерлікпен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заң актілері таратылады.
4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға көмектеседі.
5. Әлеуметтік жұмыс орынның ұзақтық мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде 6 айға дейін деп белгіленеді.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
1. Уәкілетті жұмыспен қамту органы халықтың мақсатты топтарынан
әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегінің
төлем ақысына өз қаржысынан кеткен шығындарының бөлігін өтеуге төлеу
қызметін көрсету жөнінде жұмыс берушімен еңбек шарт жасайды.
2. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа
орналастыру және олардың еңбек ақысын төлеуге арналған бюджет
қаражатын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі
халықтың нысаналы топтарына жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын немесе беретін мекемелердің
тізімін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен анықтайды.
Жұмыс берушінің өз ақшасынан емес тиісті бюджет қаражаты есебінен еңбек ақы төленетін мекемелер мен ұйымдар тізімге кірмейді.
3. Жұмыссыздарды ұйымдардың әлеуметтік жұмыс орындарына
жұмысқа орналастыру жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімімен жасалған еңбек шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары.
1. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек
ақы төлеу жұмыс берушілердің жеке еңбек шартының талаптарына
сәйкес атқарылған еңбектің көлемі, сапасы мен күрделілігіне қарай ай-сайын жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандардың еңбек ақысына қаралған бюджеттің қаржысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыссыздар арасындағы келісім шартына сәйкес жұмыссыздардың есеп шотына аударылады.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындалған көлемге төленеді.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын нысаналы әлеуметтік топтар үшін 6 айлық мерзімге жергілікті атқарушы орган ұйымдастыратын болады. Бір адамға жергілікті бюджеттен бөлінетін орташа қаржысы 15,0 мың теңгеге дейін жеткізіліп, жұмыс берушінің 50 пайыздық үлесін қосқанда жұмыс істеушінің орташа айлық еңбекақысы айына 30,0 мың теңгені құрайтын болады.
5. Жұмыстан қысқарған және басқа да азаматтардың әлеуметтік жұмыс орнына орналасуы - еңбек шарты негізінде жүргізіледі.
4. Әлеуметтік қызмет орындарын ұйымдастыру мен
қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау.
1. Әлеуметтік жұмысты іске асыратын ұйым жасалған еңбек шарттар негізінде жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар шығарады. Жұмыс беруші жұмыссыздарды еңбек құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етеді, тапсырма-нарядты анықтайды, орындалған жұмыстың көлемін есепке алады және тіркейді, жұмыс уақытының есепке алу табелін жүргізеді. Жұмыс беруші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қызметтік қажеттілікке орай құжаттамаларды, атқарылған жұмыстардың саны мен көлемдері жайлы мәлімет тапсырады.
2. Жұмыссыздар тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда еңбек заңдылықтарына сәйкес жасалған шарт бұзылуға тиіс, бұл туралы жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматтар үш күн мерзім жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ескертуі тиіс.
3. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматтардың дәлелсіз
себептермен жұмысқа қатыспау жағдайлары анықталғанда бұл туралы дер
кезінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне
хабарлануы тиіс.