Қазақстан Республикасының қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға азаматтарды мезімді әскери қызметке кезекті шақыруды 2009 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өткізуді ұймдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы № 857 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 мамырдағы № 9-1-127 тіркелді

      "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына , "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді шақыру өткізілсін.
      2. "Қостанай облысының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығына ұсынылсын (келісім бойынша):
      1) әскер қатарына шақырылғандарды медициналық куәландыру үшін клиникалық және сараптамалық тәжірибесінің өтілі бар тәжірибелі дәрігер-мамандарды, соңымен қатар орта медициналық қызметкерлерді жолдау;
      2) әскер қатарына шақырылғандар үшін алдын ала тексерілуді қамтамасыз ету;
      3) қалалық медициналық комиссиясының дәрігер-мамандарының жолдамасымен емдеу-сауықтыру мекемелеріне әскер қатарына шақырылғандар үшін кезексіз қосымша тексерілуді қамтамасыз ету.
      3. "Қостанай қаласының Қорғаныс істері бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығына ұсынылсын (келісім бойынша):
      Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлерге және әскери құрылымдарға жолданған азаматтарды салтанатты шығарып салу шараларын ұйымдастыру.
      4. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына:
      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес "Қостанай қаласының Қорғаныс істері бойынша басқармасының шығындар сметасында қарастырылған арнайы бөлінген қаражаттың есебінен 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шараларды қаржыландыру жүргізсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн откеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 6 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.

      Қостанай қаласының әкімі                   Ж. Нұрғалиев

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Қостанай облысының денсаулық
      сақтау департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
              В. Стельмах

      "Қостанай қаласының Қорғаныс істері
      бойынша басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
              Ө. Өтебасов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады