Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010.01.11 № 25 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 43 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 9-1-121 тіркелген, 2009 жылғы 24 ақпанда "Костанай" газетінде жарияланған, бұрын "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 1596 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 9-1-132 тіркелген, 2009 жылғы 13 қазанда № 82 "Костанай" газетінде жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
аталмыш қаулымен бекітілген нысаналы топтар тізбесінің 15-тармағы мына редакцияда жазылсын:
"Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органның жолдауымен кәсіби дайындығын, біліктілікті қайта даярлауды және арттыруды аяқтаған жұмыссыздар.".
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Қостанай қаласының әкімі Ж. Нұрғалиев
КЕЛІСІЛГЕН:
"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы
_______________________ В. Рубинский