"2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 25 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қазандағы № 545 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қазанда № 9-4-152 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 05.01.2010 № 1 қаулысымен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес және халықты әлеуметтік қорғаудың нысандарын анықтау кезінде бірыңғай тұрғысын жасау мақсатында Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-137 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 ақпандағы № 9 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған, бұдан бұрын "2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 25 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 357 қаулысымен толықтыру енгізілген, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-147 болып тіркелген, 2009 жылғы 16 шілдедегі № 29 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесінде "толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған адамдар" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі В. Радченко

      КЕЛІСІЛДІ
      "Лисаков қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы
      _____________ Г. Бермұхамбетова
      2009.10.20

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады