"Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" мәслихаттың 2009 жылғы 5 мамырдағы № 202 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2009 жылғы 2 қазандағы № 241 шешімі. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 қазанда № 9-4-151 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 04.01.2013 № 86 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" мәслихаттың 2009 жылғы 5 мамырдағы № 202 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-144 болып тіркелген, 2009 жылғы 4 маусымда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған, бұрын "Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы №   202 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2009 жылғы 22 маусымдағы № 207, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-146 болып тіркелген, 2009 жылғы 9 шілдеде № 28 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған, "Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы № 202 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 24 шілдедегі № 220, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-149 болып тіркелген, 2009 жылғы 13 тамызда № 33 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған, мәслихаттың шешімдерімен өзгерістер мен толықтыру енгізілген), мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілісін:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
         "қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері – 25 теңге.";
      көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"4.

Бесінші шағын
ауданындағы 3 санатты
әмбебап шағын базары

Өнеркәсіп және
азық-түлік
тауарларын сату

Бір
сауда
орны

25

5.

Алтыншы шағын
ауданындағы 3 санатты
"Сауда үйі" әмбебап
базары

Өнеркәсіп және
азық-түлік
тауарларын сату

Бір
сауда
орны

80".

      2. Осы шешім оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрайымы,
      қалалық мәслихатының хатшысы               Т. Кривошея

      КЕЛІСІЛДІ

      "Лисаков қаласы бойынша
      салық басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________ М. Уржанов
      2009.10.02

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады