2009 жылға арналған, Алтынсарин ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 қазандағы № 274 қаулысы. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қазанда № 9-5-97 тіркелді

      23 қаңтар 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, 23 қаңтар 2001 жылғы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2)-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылға арналған, Алтынсарин ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын.
      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғындардың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдем беруді қамтамасыз етсін.
      3. Әкімдіктің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 61 "Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде 9-5-83 нөмірмен тіркелген, "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде 2009 жылдың 19 наурызында, № 11 жарияланған) өзгерістер және толықтырулар енгізілумен әкімдіктің 2009 жылғы 20 мамырдағы № 158 "Әкімдіктің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 61 "Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы" қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде 9-5-93 нөмірмен тіркелген, "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде 2009 жылдың 16 шілдесінде № 29 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                              А. Бондаренко

      КЕЛIСIЛДI

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______________________ Л. Чиркова
      2009.10.07

Әкімдіктің        
2009 жылғы 7 қазандағы  
№ 274 қаулысына қосымша 

2009 жылға арналған, Алтынсарин ауданының
әкімшілік аумағында тұратын халықтың
нысаналы топтары

      1. Аз қамтылғандар.
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3. Жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
      4. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған, адамдары бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлікке шығу алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар;
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар.
      10. Оралмандар.
      11. Жоғарғы және оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері.
      12. Жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс берушінің – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлердің штаты немесе санының қысқартылуына байланысты босатылған тұлғалар.
      13. Жұмыссыз болып табылатын, курстық дайындықтың түлектері.
      14. Елу жастан жоғары жұмыссыздар.
      15. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.
      16. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл немесе одан да көп).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады