Амангелді ауданының аумағында дәнді-дақылдарды егу жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 103 қаулысы. Қостанай облысы Амангелді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 18 мамырда № 9-6-97 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аманкелді ауданының аумағында дәнді-дақылдарды егу жұмыстарының басталуының оңтайлы мерзімі болып 2009 жылдың мамыр айының 15-і, ал аяқталуының оңтайлы мерзімі болып 2009 жылдың мамыр айының 31-і белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он (10) күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                      С. Ахметов
 
 
      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылығы Министрлігі
      агроөнеркәсіп кешендегі инспекция
      комитетінің Аманкелді аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______________________ Р. Қақанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады