Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданың әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 7 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 ақпанда № 9-8-113 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 7 қаулысымен

      Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 7 қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 5-4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 4 тармағы 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық (қосымшасында) бекітілсін.
      2. Әкімдіктің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 30 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу Тізімінде нормативтік құқықтық актілерде 2006 жылғы 16 ақпандағы № 9-8-34 болып тіркелген, аудандық "Наше время" газетінің 2006 жылғы 8 сәуірдегі № 15 санында жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Денисов
      ауданының әкімі                            А. Кушнир

      
Әкімдіктің              
2009 жылғы 19 қаңтардағы
№ 7 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
 

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық (одан әрі – Нұсқаулық) халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілермен (меншік нысанына қарамастан) негізгі шарттар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.

      2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмысқа қабылдаған жұмыскерлерге еңбек ақы төлеген шығынын ішінара өтеп, нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілерімен жергілікті атқарушы органымен келісім-шарт негізінде құрылатын жұмыс орны;
      2) нысаналы топтар – Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін тұлғалар топтары;
      3) "жастардың тәжірибесі" - мамандығы бойынша жұмыс стажы жоқ, кәсіби бойынша курстық дайындау, бастауыш, орта және жоғары білім алған бітірушілерді практикалық тәжірибе, білім, қабілеттер алу үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;

      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға еңбек туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнама актілері тарайды.

      4. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдеседі.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
мен жұмысқа орналастыру тәртібі.

      5. Әлеуметтік жұмыс орындар уақытша жұмыс орындарына қабылдаған жұмыссыздарға еңбек ақы шығынын аудандық бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеумен, өз қаражатынан қаржыландырып, жұмыс берушілермен беріледі нмесе құрылады.

      6. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерімен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі шарт жасайды.

      7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және еңбек ақыға арналған бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқару органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуді жөніндегі комиссия құрылады және ол, халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің жазбаша өтініштері негізінде іріктеу жүргізіледі.

      8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша, жұмысқа орналастырудан қызмет көрсетулер жөніндегі келісімнің шарттарынада көрсетілген мамандықтары мен көлеміне сәйкес, тараптардың міндеттемелерін, жұмыстың түрлері мен көлемін, еңбекақы төлеу шарттары мен ауқымын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен мерзімін қамтитін келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.

      9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру
көздері мен шарттары

      10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жеке еңбек шартының шарттарына сәйкес және орындалған жұмыстың түрімен көлеміне байланысты жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.

      11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны аудандық бюджет қаражаты есебінен ең төменгі жалақының 70 пайыз көлемінде ("жастар тәжірибесіне" орналастырылғандарға ең төменгі жалақының 150 пайыз көлемінде) алты айға дейінгі мерзімде өтеледі.
      Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушілердің есеп шоттарына жүргізіледі.

      12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналстырылған жұмыссыздарға аудандық бюджет қаражаты есебінен төленген еңбек ақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады.

      13. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындаған жұмыстың көлемі үшін төленеді.

      14. Жұмыс берушілер аудандық бюджеттен түскен ақшалай түсімдерді әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақыға шыққан шығындарын өтеуге пайдаланады.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
Нұсқаулығын бақылау

      15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты сақтауға бақылау жасауды "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады