Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5 бабы 3 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша 2009 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері анықталсын:
бидай - 15 мамырдан 31 мамырға дейін;
арпа, сұлы - 15 мамырдан 5 маусымға дейін.
2. Осы әкімдік қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. А. Алиферецке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Испергенов
КЕЛІСІЛГЕН
"Жітіқара ауданының ауыл
шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
________________Б. Қабиев