Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 277 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 қарашада № 9-12-123 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 63 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010.03.01 № 63 қаулысымен.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5 және 7 баптарының 2 тармағына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 9-12-92 нөмірінде тіркелген, аудандық "Айна" газетінің 2009 жылғы 20 ақпандағы ақпараттық бюллетенінде жарияланған, бұрын Қарабалық ауданы әкімдігінің "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 13 мамырдағы № 142 қаулысымен толықтырулар енгізілді, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 9-12-114 нөмірінде тіркелген, аудандық "Айна" газетінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 20 санында ақпараттық бюллетенінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      аудан әкімдігі қаулысының атауында "бекіту" деген сөз "белгілеу" деген сөзімен ауыстырылсын;
      аудан әкімдігі қаулысы 1 тармағының 12) тармақшасында "жоғары" деген сөзі алынып тасталсын;
      аудан әкімдігінің қаулысы 1 тармағының 15) тармақшасы жана редақцияда жазылсын:
      "жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады";
      1 тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын;
      қаулының 1 тармағы келесі мазмұндағы 17) тармақшасымен толықтырылсын:
      17) "жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілері".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Исенбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық ауданының
      әкімі                                      Ф. Филиппов

      Аббревиатуралар талдамасы:

      АӘА - "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады