Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 16 мамырдағы № 156 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақтық шегінде оқу орындарына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданың әкімдігінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 42 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 ақпанда № 9-12-94 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданың әкімдігінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 82 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданың әкімдігінің 18.03.2013 № 82 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілікті арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 мамырдағы № 156 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақтық шегінде оқу орындарына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы" қаулысына, (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік реестірінде 2005 жылғы 25 мамырда № 3478 болып тіркелген, 2005 жылғы 9 маусымда № 24 "Айна" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген Нұсқаудың 1 тарауы 1 тармағының 2) тармақшасында:
      "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" деген сөздер "Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Нұсқаудың 5 тарауы 10 тармағының 1) тармақшасында:
      "айына бір айлық есеп көрсеткіші" деген сөздер "айына екі айлық есеп көрсеткіші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Нұсқаудың 5 тарауы 10 тармағының 2) тармақшасында:
      "айына екі айлық есеп көрсеткіші" деген сөздер "айына төрт айлық есеп көрсеткіші" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А.Исенбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық ауданы
      әкімінің м. а.                             Б. Кәкімжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады