Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округі әкімінің 02.07.2014 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылым туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Бозкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Бозкөл ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атаулар қосымшаға сәйкес берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап оң күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Бозкөл ауылдық
округінің әкімі Б. Қапаров
Бозкөл ауылдық әкімі округінің
2009 жылғы 6 ақпандағы № 2
шешіміне қосымша
Бозкөл ауылдық округі елді мекендерінің
құрамды бөліктеріне атауларын беру таралы
1. Саманы ауылы:
1) Көшелер: Набережная, Урожайная, Садовая.
2. Талапкер ауылы:
1) Көшелер: Лесная, Центральная, Дорожная, Новая.