"Бозкөл селолық округі елді мекендерінің құрамды бөліктеріне атауларын беру туралы" 2009 жылғы 6 ақпандағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 шілдеде № 4934 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бозкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Бозкөл селолық округі елді мекендерінің құрамды бөліктеріне атауларын беру туралы" Бозкөл ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-102 тіркелген, 2009 жылғы 12 наурызда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      - шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 С. Тюлюбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады