Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2009 жылғы 28 шілдедегі № 151 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 тамызда № 9-13-90 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 180 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2009.09.25 № 180 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабының 6-тармағының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына 15)–тармақшасына және Қарасу ауданы бойынша салық басқармасы берген хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректеріне сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Дүркін-дүркін сипаттағы қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондар құны 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға бір жолғы талондар құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық мәслихатының
      тоғызыншы сессиясының төрағасы             М. Сауытпаев

      Қарасу аудандық
      мәслихатының хатшысы                          С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      Министрлігі Салық Комитетінің Қостанай
      облысы бойынша Салық Департаментінің
      Қарасу ауданы бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________________ С.Ахметов
      28.07.2009 ж.

Мәслихатының             
2009 жылғы 28 шілдедегі  
№ 151 шешіміне 1-қосымша 

Дүркін-дүркін сипаттағы қызметтерді жүзеге
асыратын жеке тұлғаларға бір жолғы талондар құны

Рет саны

Қызмет түрлері

Талондардың теңгедегі құны

1

Сату:


1.1

мал және құс азықтарын

130

1.2

сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық

259

1.3

Үй жануарлары мен құстарды бағу

259

1.4

Жеке аулада трактормен қызмет көрсету (бау бақшалардағы жерді жырту, су әкелу)

259

Мәслихатының             
2009 жылғы 28 шілдедегі  
№ 151 шешіміне 2-қосымша 

Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы
қоспағанда, базарларда тауарлар сату, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын
жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға
бір жолғы талондар құны

Рет саны

Қызмет түрлері

Талондардың теңгедегі құны

Өнеркәсіп тауарларын сату:

1.

Машинадан сауда сату

648

2.

Жаймадан сауда сату

324

3.

Қолдан сауда сату (жерден)

195

Азық-түлік тауарларын сату:

4.

Машинадан сауда сату

648

5.

Жаймадан сауда сату

259

6.

Қолдан сауда сату (жерден)

130

7.

Ет өнімдерін сату

648

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады