Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 187 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 желтоқсанда № 9-13-97 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 310 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2011.01.21 № 310 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабының 6-тармағының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына 15)–тармақшасына және Қарасу ауданы бойынша салық басқармасы берген хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректеріне сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Дүркін-дүркін сипаттағы қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондар құны 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға бір жолғы талондар құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының төрағасы         В. Михель

      Қарасу аудандық
      мәслихатының хатшысы                      С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      Министрлігі Салық Комитетінің
      Қостанай облысы бойынша Салық
      Департаментінің Қарасу ауданы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы"
      _____________________ С.Ахметов
      2009.11.05
 

Мәслихатының      
2009 жылғы 5 қарашадағы 
№ 187 шешіміне 1-қосымша 

Дүркін-дүркін сипаттағы қызметтерді жүзеге
асыратын жеке тұлғаларға бір жолғы талондар құны
 

Рет
саны
Қызмет түрлері Талондардың
теңгедегі құны

1

Сату (стационарлық үй-жайда
жүзеге асырылатын қызметтерді
қоспағанда):


1.1

жануар мен құстар жемдерін

130

1.2

сыпыртқылар, сыпырғылар, орман
жидегін, бал, саңырауқұлақ және
балық

259

2

Үй жануарлары мен құстарды бағу

259

3

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі
жеке трактор иелерінің көрсететін
қызметін

259


Мәслихатының      
2009 жылғы 5 қарашадағы 
№ 187 шешіміне 2-қосымша 

Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы
қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар
орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді
жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер
мен заңды тұлғаларға бір жолғы талондар құны
 

Рет
саны
Қызмет түрлері Талондардың
теңгедегі
құны

Өнеркәсіп тауарларын сату

1

Автодүкеннен сауда сату

648

2

Жаймадан сауда сату

324

3

Жылжымалы сөреден сауда сату

195

Азық-түлік тауарларын сату

4

Автодүкеннен сауда сату

648

5

Жаймадан сауда сату

259

6

Жылжымалы сөреден сауда сату

130

7

Ет өнімдерін сату

648

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады