Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарының тіркеуін өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 31 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 31 желтоқсанда № 9-14-118 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабына сәйкес, "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабын іске асыру мақсатында ШЕШТІМ:
      1. 2010 жылдың қаңтар - наурызында Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толған Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын тіркеуді өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Селолық округтар, селолар, Затобол кенті әкімдері тіркеу өткізу кезеңінде Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің шақыру учаскесіне шақырылушыларды хабардар етуді және уақытында келуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      3. "Қостанай ауданы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлескен түрде тіркеу бойынша іс-шаралар өткізу ұсынылсын:
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің "Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде медициналық және тіркеу комиссиясынан өту кезінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қолдану үшін Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне полицияның екі қызметкерін бөлу ұсынылсын.
      5. "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлескен тіркеу өткізу кезеңінде ұсынылсын:
      1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеудегі тапсырманы оқу орындарына жеткізу;
      2) алғашқы әскери даярлаудың оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары туралы анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету;
      3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс ұйымдастыру, әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны туралы хабарландыру беру;
      4) тіркеу уақытында әскери-оқу орына түсудегі әскери - кәсіптік бағдарлау мақсатында әскерге шақырылушылардың әрқайсысымен жеке-жеке әңгімелесу өткізу.
      6. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі 2010 жылға қарастырылған қаржы бөлу шегінде аудандық бюджет қаражатынан Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарының тіркеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
      7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданының әкімі                   Г. Тюркин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы Қостанай
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________________ Д. Айсин
      2009.12.11

      Қазақстан Республикасы ішкі істер
      Министрлігінің Қостанай облысы
      ішкі істер Департаментінің "Қостанай
      ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________________ М.Сейткулов
      2009.12.11

      Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық
      сақтау басқармасының "Қостанай аудандық
      орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорын бас дәрігерінің
      міндетін атқарушы
      ____________________________ Б.Утебекова
      2009.12.11

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады