Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2010.01.05 № 2 қаулысымен.
"Халықтың жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдардың Тізбесі бекітілсін (қосымша).
2. "Сарыкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде шараларды көздесін.
3. "Халықтың нысаналы топтарының Тізбесін бекіту туралы" Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 59 (2007 жылғы 6 наурыздағы нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде 9-17-40 нөмірімен тіркелген, № 15 "Сарыкөл" газетінде 2007 жылдың 13 сәуірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Ғабдулин
Әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 25 маусымда
№ 190 қаулысымен
бекiтiлген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшiн халықтың нысаналы
топтарына кiретiн адамдардың
Тiзбесi
1. Табысы аз адамдар.
2. Жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар.
3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен
ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi
балалар.
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi,
көп балалы ата-аналар.
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен
асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет
етедi деп танылған адамдары бар азаматтар.
6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты
зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған).
7. Мүгедектер.
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған
адамдар.
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу
орындарынан босатылған адамдар.
10. Оралмандар.
11. Жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс
берушi-жеке тұлғанын қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер
санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан
босатылған адамдар жатады.
12. Ұзақ уақыт жұмыс iстемейтiн азаматтар (бiр жыл және одан да
көп).
13. Алынып тасталды.
14. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын
бiтiрушiлер.
15. Алынып тасталды.
16. Алынып тасталды.
17. Алынып тасталды.
Ескерту. Тізбесіне өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2009.10.21 № 288 қаулысымен.