"Халықтың нысаналы топтарының Тізбесі туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 25 маусымдағы № 190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 288 қаулысы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қарашада № 9-17-87 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2010.01.05 № 2 қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Халықтың нысаналы топтарының Тiзбесi туралы" әкiмдiктiң 2009 жылғы 25 маусымдағы № 190 қаулысына (2009 жылғы 20 тамыздағы "Сарыкөл" газетiнде жарияланған нормативтiк-құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-17-80) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыда бекiтiлген жұмыспен қамтуға жәрдем ету үшiн халықтың нысаналы топтарына енгiзiлген тұлғалардың Тiзбесiнде:
      13, 15, 16, 17 – тармақтары жойылсын.
      2. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Аудан әкiмi                                Қ. Ғабдулин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
      жұмыспен қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар бөлiмi"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________  Ю. Кондриков

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады