Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2009.09.23 № 207 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұзынкөл ауданы аумағында тауарларды өткізуші үшін қызметі дүркін-дүркін сипаттағы жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құны базарда бір орында бір күн сауда жасау үшін көрсетілген мөлшерде бекітілсін:
1) қолдан сату - 191 теңге;
2) сөреден сату – 191 теңге.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті, оныншы
сессияның төрағасы Б. Жандауов
Аудандық
мәслихаттың хатшысы В. Вербовой
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлігі салық комитетінің
Қостанай облысы салық департаментінің
Ұзынкөл ауданы бойынша салық басқармасы"
мемлекеттiк мекемесі, бастық
______________________ М. Ерканов
2009 жылғы 29 шілде