Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтары болып мына санаттар анықталсын:
аз қамтылғандар;
жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелейтін жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртібі бойынша тұрақты асырауына, көмекке немесе қадағалауға мұқтаж деп танылған тұлғаларды күтетін азаматтар;
жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға (екі жыл қалған зейнеткерлік жасына дейінгі) тұлғалар;
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
ұзақ уақыт (жылдан артық) жұмыс істемейтін азаматтар;
жоғары, орта арнайы, кәсіптік сондай-ақ дайындау курсын бітірген түлектер;
жиырма бір жастан бастап жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
жасқа байланысты еңбекке жарамсыз тұлғалар (елу жастан жоғары);
жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші-заңды тұлғаның іс-әрекеті тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
жол алынып тасталды:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Федоров ауданының әкімдігінің 2009.05.12 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.10.14 № 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
2. Федоров селосы және селолық округтердің әкімдеріне "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қабылдасын;
2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Жұмыс берушілерге ұсынылсын:
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету;
2) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату бастамастан кемінде бір ай бұрын "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне толық көлемде ақпарат беру.
3) "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бос жұмыс (бос лауазым) орындары пайда болған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде олар туралы мәлімет беру.
4) Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы дер кезінде (Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде) хабарласу.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.
Федоров ауданының әкімі А. Корниенко
КЕЛІСІЛДІ