"Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 20 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 138 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 маусымда № 9-20-155 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2) тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 20 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-144 тіркелген, 2009 жылғы 19 ақпандағы "Федоровские новости" газетінде жарияланған) "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен олардың әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы" қаулысының 1-тармағы мына жолдармен толықтырылсын:
      "жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші-заңды тұлғаның іс-әрекеті тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
      толық емес жұмыс уақыт режимінде жұмыс істейтін тұлғалар".
      2. Осы қаулының орындау бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Корниенк

      КЕЛІСІЛДІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады