Қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін белгіленген салық ставкасын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 112/15 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 сәуірде N 107 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы N 167/22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 13.11.2013 N 167/22 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 422-бабының 2 тармағына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін белгіленген салық ставкасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 23 ақпандағы "Ойын автоматтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арнайы салық пен акциздер тәртібін қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін белгіленген жиынтық салығының ұтыс мөлшерін бекіту туралы" N 88/12 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Реестірінде N 2903 болып тіркелген, 2005 жылдың 17.03 күні қалалық "Ақжол - Новый путь" газетінің 12 нөмірінде жарияланған), 2005 жылғы 23 қарашадағы "Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 23 ақпандағы "Ойын автоматтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арнайы салық пен акциздер тәртібін қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін белгіленген жиынтық салығының ұтыс мөлшерін бекіту туралы" N 88/12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" N 147/20 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Реестірінде N 12-2-19 болып тіркелген, 2005 жылдың 23.12 күні қалалық "Ақжол - Новый путь" газетінің 52 нөмірінде жарияланған), 2007 жылдың 5 ақпандағы "Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 23 ақпандағы "Ойын автоматтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арнайы салық пен акциздер тәртібін қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін белгіленген жиынтық салығының ұтыс мөлшерін бекіту туралы" N 88/12 шешіміне толықтыру енгізу туралы" N 238/32 (нормативтік құқықтық актілер тіркеу мемлекеттік Реестірінде N 12-2-61 болып тіркелген, 2005 жылдың 21.03. күні қалалық "Ақжол - Новый путь" газетінің 13 нөмірінде жарияланған), 2005 жылғы 14 желтоқсандағы "Ақша ұтысынсыз ойын үстелдеріне (бильярд) қызмет көрсететін кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арнайы салық тәртібін қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін белгілеген жиынтық салығының ұтыс мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Реестірінде N 12-2-23 болып тіркелген, 2006 жылдың 01. 01. күні қалалық "Ақжол - Новый путь" газетінің N 1 жарияланған) N 155/22 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың жоспар және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            А. Титаренко

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы
31 наурыздағы N 112/15 шешіміне
қосымша         

Салық объекті

Белгіленген салық ставкасы (айлық есеп көрсеткіштері бойынша)

Ойын өткізу үшін пайдалыналатын дербес компьютерлерге

бір айға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш

Бильярд үстеліне

Бір айға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады