Екібастұз қаласы бойынша қалаішілік жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру үшін (таксиден басқа) білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 сәуірдегі N 169/16 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 маусымда N 12-3-233 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы N 258/31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 21.08.2014 N 258/31 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 2-тармақшасы негізінде, білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аз қамтамасыз етілген отбасылардан Екібастұз қаласының жоғары оқу орындарында, колледждерінде және кәсіби мектептерінде білім алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ Екібастұз қаласының колледждерінде білім алу үшін әлеуметтік көмек алушы студенттерге қалаішілік жолаушылар көлігінде жүруге арналған жолақы билетінің толық құнының 50%-на әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік, мәдени даму және экология мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін (С.Ж.Рамазанов).
      3. Нақты шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Р.Елубаева

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ. Балтабекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады