Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы N 169/5 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 шілдеде N 12-6-75 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 103/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010.04.01 N 103/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес,  ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша қоса беріліп отырған Нұсқау (бұдан әрі - Нұсқау) бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      Железин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы" N 59/2 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-50 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 наурыздағы аудандық "Родные просторы" N 10 газетінде жарияланған);
      Железин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 9 қыркүйектегі "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы" N 59/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" N 300/9 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-60 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 қазандағы аудандық "Родные просторы" N 41 газетінде жарияланған).
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж. Шугаев

Железин ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 15 маусымдағы
N 169/5 қаулысымен   
бекітілді     

Ауданның жеке санаттағы азаматтарына
әлеуметтік төлем тағайындау бойынша
НҰСҚАУ 1. Жалпы ереже

      1. Осы Нұсқау ауданның жеке санаттағы азаматтарына төлем тағайындау және жүзеге асыру шарттарын Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медико-педагогикалық қолдау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңдарына, Железин аудандық мәслихатының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 108-4/11 шешіміне сәйкес нақтылайды.
      2. Қаржыландыру көзі – жергілікті бюджет.
      3. Әлеуметтік төлемді алуға үміткер тұлға отбасының жиынтық кірісі осы Нұсқаудың 5-бөліміне сәйкес есептеледі.
      4. Азаматтардың өтініштерін тіркеу және есепке алу бойынша уәкілетті орган болып "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) табылады.
      5. Әлеуметтік төлемдерді алуға үміткер тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімге толық және дұрыс мағлұматтарды ұсыну керек және әлеуметтік төлемдер алу құқығына қатысты барлық өзгерістерді өзгерістер енгізілген күнінен бастап 15 күн ішінде Бөлімге хабарлауға міндетті.
      6. Отбасының құрамы жиынтық кріс белгіленген кезеңнен бастап есептеледі.
      7. Отбасының құрамына үш айдан артық мерзімде жоқ болған тұлғалар қосылмайды, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес олардың тұрғын үйге құқығы сақталады.

2. Жекелеген әлеуметтік төлем алуға
құқығы бар азаматтар санаты

      8. Әлеуметтік төлем алуға құқығы барлар:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) "Германиядағы жеңісі үшін", "Жапониядағы жеңісі үшін" медальдарымен марапатталған тұлғалар; "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері; қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және жалпы аурудың нәтижесінде мүгедек болып танылған қатысушылардың қайта некеге тұрмаған жұбайлары (жарлары); әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мүгедек болған әскери қызметтегілер (Кеңес Әскерінің мүгедектері), үкіметтік органдардың шешімі бойынша үшін әскери 1950-1951 жылдардағы (Венгрия)  әрекеттерге қатысушылар;
      3) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталған тұлғалар; соғыс жылдары қаза тапқан әскерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері; концлагерлердің, гетто және басқа да мәжбүр ету маңызындағы жерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындары; Кеңес Әскерінің құрамына еркін жалданған тұлғалар; бейбітшілік уақытында әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары;
      4) "Железин ауданының Құрметті азаматы" атағы бар тұлғалар;
      5) 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар;
      6) облыстың жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері;
      7) ағымдағы жылы бас бостандығынан айырылу орындарынан босатылған тұлғалар;
      8) амбулаторлық емдеумен қолдау кезеңінде жүрген құрт ауруымен ауыратындар;
      9) облыстық онкологиялық диспансерге тексерілуге және оперативті емдеуге (операция, химиятерапия, сәуле терапиясы) жіберілген аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан және жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын онкологиялық аурулар;
      10) облыстың жоғарғы және орташа арнаулы оқу орындарында оқитын мүгедек-студенттер;
      11) көру бойынша 1, 2 топ мүгедектерін Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курорттық емделуге және медициналық тексерілуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар;
      12) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 1, 2 топ мүгедектерін Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курорттық емделуге және медициналық тексерілуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар;
      13) кәсіптік дайындық және қайта даярлаудан өтуге жіберілген, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар;
      14) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар және оларды Қазақстан Республикасының шегінде тексерілуге және емделуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар шығарып салушы тұлғалар;
      15) Ауғаныстандағы әскери әрекеттер жүргізу кезеңіне қатысқан әскери қызметкерлер;
      16) Чернобыль АЭС-дағы апат салдарын жоюға қатысқан тұлғалар;
      17) жалғызбасты еңбекке жарамсыз зейнеткерлер;
      18) зейнетақының ең аз мөлшерін алатын және еңбек өтілі толық емес зейнеткерлер;
      19) жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
      20) ағымдағы жылы ауылдық жерлерге жұмыс істеу үшін келген жас дәрігерлер (29 жасқа дейінгі);
      21) балалар церебралды параличі диагнозымен ауыратын балалары бар жалғыз басты аналар;
      22) аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан, орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істемейтін науқас азаматтар;
      23) орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан жүкті әйелдер (Железин аудандық орталық ауруханасына есепке тұру үшін уақтылы үндегендер);
      24) зейнетақы мөлшері орташа, барлық әлеуметтік жәрдемақы түрлерін есепке алғанда 20000 теңгеден төмен, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бір елді мекенде тұрмайтын, зейнеткерлер қатарындағы жалғыз тұратын тұлғалар мен отбасы жұптары;
      25) 6-7 курста ақылы негізде оқытылатын және білім беру қызметтерін көрсету және төлеуге аудан әкімі мен жоғары оқу орнымен интерн бойынша үш жақты келісім жасаған Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының студенттері;
      26) орта есеппен жан басына шаққандағы кірісі азық-түлік себеті құнынан аспайтын, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша қосымша балалар тамағына мұқтаж 1 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылары;
      27) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, сонымен қатар "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтар;
      28) Павлодар қаласының арнаулы білім ұйымында оқытылатын есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар, сондай-ақ оларды шығарып салушы тұлғалар;
      29) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер, балалар церебриалды параличі диагнозымен ауыратын балаларды тәрбиелейтін жалғыз басты әйелдер, бейбіт уақытта әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009.09.09 N 228/8; 2009.12.02 N 317/11 қаулыларымен.

3. Әлеуметтік төлем мөлшері

      9. Нұсқаудың 2-бөлімінің 8-тармағында көрсетілген азаматтар санаттары үшін әлеуметтік төлемдер мына түрлер бойынша тағайындалады:
      1) 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - 9 Мамыр Жеңіс күніне 10000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек; дәрі-дәрмек алу үшін ай сайынғы өтемақы 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде; тоқсанына 1 рет облыс орталығына автомобиль көлігімен бару жолын растайтын құжаттар негізінде деректі құны бойынша өтеу; екі кезеңдік басылымға жазылу; тұрғын үй–коммуналдық қызметі төлемі (жылу үшін қызметтен басқа) ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде; деректі шығындар бойынша растайтын құжаттар негізінде тіс салдыруға бір жолғы материалдық көмек; қатты отын сатып алу үшін немесе жылу беру шығындарының орнын толтыру үшін 15 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      2) 8-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - 9 Мамыр Жеңіс күніне орай 2000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      3) 8-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - 9 Мамыр Жеңіс күніне орай 2000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек; тұрғын үй–коммуналдық қызметтер үшін төлем ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде;
      4) 8-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -  коммуналдық қызметтер төлемі үшін 23228 теңге мөлшерінде бір жолғы ақшалай өтемақы;
      5) 8-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - Мүгедектер күніне орай 5000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      6) 8-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - облыстың жоғары оқу орындарында оқуы үшін нақты құны бойынша растайтын құжаттар негізінде ай сайын 5000 теңге (тамақтануы және тұратын жеріне жетуі үшін төлем);
      7) 8-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - орналасу үшін 5 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      8) 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – тамақтануы үшін 4 АЕК мөлшерінде және аудан шегінде жолақысына 1 АЕК мөлшерінде берілетін ай сайынғы материалдық көмек;
      9) 8-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   тоқсанына бір рет облыстық онкологиялық диспансерге автомобиль көлігімен (таксиден басқа) бару жолын нақты құны бойынша өтеу, оперативтік емделуге 15 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      10) 8-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   мүгедектер күніне 10 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      11) 8-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   көру бойынша 1, 2 топ мүгедектерін санаторлық-курорттық емделуге шығарып салушы азаматтардың нақты шығындарын (жүрісі, тамақтануы, тұруы) растайтын құжаттар негізінде бірақ 40 АЕК-нен артық емес;
      12) 8-тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 1, 2 топ мүгедектерін санаторлық-курорттық емделуге және медициналық тексерілуге шығарып салушы азаматтардың нақты шығындарын (жүрісі, тамақтануы, тұруы) растайтын құжаттар негізінде бірақ 40 АЕК-нен артық емес;
      13) 8-тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   оқыту кезеңіне ай сайын 5000 теңге мөлшерінде материалдық көмек;
      14) 8-тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   Қазақстан Республикасының шегінде жүрісінің нақты шығындарын растайтын құжаттар негізінде материалдық көмек;
      15) 8-тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күніне орай 5 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек; сауықтыру үшін тоқсанына 1 рет 2 АЕК мөлшерінде; тұрғын үй –коммуналдық қызметі төлемі ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде; Отанды қорғаушылар күніне 2000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      16) 8-тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   сауықтыру үшін тоқсанына 1 рет 2 АЕК мөлшерінде; тұрғын үй –коммуналдық қызметі төлемі ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде; Отанды қорғаушылар күніне 2000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      17) 8-тармақтың 17), 18), 19) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін - Қарттар күніне орай қатты отын сатып алу үшін 8 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      18) 9-тармақтың 20) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -  мамандарды орналастыру үшін бір маманға 200000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек. Маманды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықсыз әлеуметтік көмек тағайындалмайды;
      19) 8-тармақтың 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін –   тоқсан сайын 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
      20) 8-тармақтың 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін –   Дәрігерлік Консультативтік Комиссиясының қорытындысы бойынша ай сайын   5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
      21) 8-тармақтың  23) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін –   10000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      22) 8-тармақтың 24) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін –   Қарттар күніне орай қатты отын сатып алу үшін 8 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек. Осы санаттағы отбасыларға материалдық көмек отбасының бір мүшесіне ғана төленеді;
      23) 8-тармақтың 25) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін –   аудан әкімі, студент және жоғары оқу орны арасында интерн бойынша жасалған келісімнің шарттарына сәйкес медициналық жоғары оқу орындарында оқуды төлеу үшін әлеуметтік көмек;
      24) 8-тармақтың 26) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін –   медициналық мекемелердің қорытындысы бойынша балалар тамағын сатып алу үшін ай сайын 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
      25) 8-тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – жеке ауласын дамыту және өздігінен жұмыспен қамтылу үшін 70,0 мың теңгеден, жем-шөп сатып алу үшін 30,0 мың теңгеге дейін бір жолғы материалдық көмек (ауыл шаруашылығы малдары бар болған жағдайда);
      26) 8-тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – айына бір рет жолақысына берілетін 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
      27) 8-тармақтың 29) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – екі кезеңдік басылымға жазылуға 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009.09.09 N 228/8; 2009.12.02 N 317/11 қаулыларымен.

4. Қажетті құжаттар тізбесі

      10. 8-тармақтың 1), 2), 3), 15), 16), 17), 18), 19), 21), 24) төлемдерді тағайындау Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі және "Зейнетақы төлеу бойынша республикалық орталық" Республикалық қазыналық кәсіпорны Павлодар облысық зейнетақы төлеу бойынша Железин ауданы бөлімшесінің тізімі негізінде жүргізіледі; 8-тармақтың 8) тармақшасындағы көрсетілгендер үшін - Железин ауданының туберкулез ауруханасы ұсынатын тізім негізінде тағайындалады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009.09.09 N 228/8 қаулысымен.
      11. Әлеуметтік төлемдерді алуға үміткер азаматтар Бөлімге есепшот және банк пен пошталық байланыс бөлімінің атауы көрсетілген өтінішті, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесін (СТН), сондай-ақ келесі құжаттарды ұсынады:
      1) 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   жол билеттері, кезеңдік басылымға ақы төленгені туралы түбіртек, тіс салғаны үшін төлем жөніндегі анықтама немесе түбіртек;
      2) 8-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   алушының мәртебесін растайтын құжат, азаматтарды тіркеу кітабы;
      3) 8-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   азаматтарды тіркеу кітабы, медициналық әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) анықтамасының көшірмесі;
      4) 8-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   аудан әкімі, студент және оқу орнының басшысы арасындағы интерн бойынша үш жақты келісімшарттың көшірмесі;
      5) 8-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   бостандықтан айырылу жерінен босатылу жөніндегі анықтама, азаматтарды тіркеу кітабы;
      6) 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін- азаматтарды тіркеу кітабы, жол билеттері немесе жеке өтініші;
      7) 8-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   медициналық мекеменің жолдамасы, жол билеті, оперативті емделу өткізілгенін растайтын медициналық мекеменің құжаттары;
      8) 8-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   МӘС анықтамасының көшірмесі, оқитын жерінен анықтама, азаматтарды тіркеу кітабы;
      9) 8-тармақтың 11), 12) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін - науқастың медициналық картасы, билеттер, азаматтарды тіркеу кітабы медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;
      10) 8-тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша оқуды өткені жөніндегі оқу мекемесінің растайтын құжаттары (оқу мекемесінен анықтама не көшірме);
      11) 8-тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   МӘС анықтамасының көшірмесі, медициналық мекеменің жолдамасы, жол билеттері, азаматтарды тіркеу кітабы;
      12) Алынып тасталды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009.12.02 N 317/11 қаулысымен.
      13) 8-тармақтың 20) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   жұмысқа жолдама, жұмысқа қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, әлеуметтік жеке кодының көшірмесі (ӘЖК), келісімшарт және білімі туралы дипломының түпнұсқасы мен көшірмелері;
      14) 8-тармақтың 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   алушының мәртебесін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, МӘС анықтамасының көшірмесі;
      15) 8-тармақтың 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -   азаматтарды тіркеу кітабы, селолық округ әкімімен берілген өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, кірістері мен отбасының құрамы туралы анықтама, Дәрігерлік Консультативтік Комиссиясының қорытындысы;
      16) 8-тармақтың 23) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін –   азаматтарды тіркеу кітабы, селолық округ әкімімен берілген өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, кірістерін көрсете отырып отбасының құрамы туралы анықтама, медициналық мекеменің растайтын құжаттары;
      17) 8-тармақтың 25) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін –   аудан әкімі, студент және жоғары оқу орнының арасындағы үш жақты келісімшартының көшірмесі, оқу орнынан анықтама;
      18) 8-тармақтың 26) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін –   селолық округ әкімімен берілген материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, отбасының құрамы туралы анықтама, аула шаруашылығының бар болуы туралы анықтама, отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәлімет, медициналық мекеменің анықтамасы;
      19) 8-тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;
      20) 8-тармақтың 29) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі, қайтыс болу (қаза табу) жөніндегі хабарламаның көшірмесі.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009.09.09 N 228/8; 2009.12.02 N 317/11қаулыларымен.

5. Отбасының жиынтық кірісін есептеу

      12. Отбасының жиынтық кірісіне, өтініш берген тоқсаннан кейінгі тоқсандағы нақты ақшалай немесе заттай түрде алынған кірістің барлық түрі енеді, тек қана тұрғын үй мен әлеуметтік көмектен басқа.
      13. Отбасының жиынтық кірісін есептеу өтініш берушінің алынған кірістері туралы ұсынған мағлұматы негізінде жүргізіледі.
      14. Орташа кіріс әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанына, тоқсанда алынған жиынтық кірісін отбасы мүшелерінің саны мен үш айға бөлу жолымен есептеледі.

6. Есеп және есептілік

      15. Көрсетілген әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері, қажетті құжаттар қосымшалары негізінде, алушылардың Халық банкі немесе тұрғылықты жерінің пошталық байланыс бөліміне аудару жолы арқылы Бөліммен жүзеге асырылады.
      16. Әлеуметтік төлемдерді көрсету үшін қаражаттардың шығынын есептеу және есептілікті Бөлім жүзеге асырады.
      17. Бірінші құжаттар (бекітілген тізімге сәйкес өтініш берушімен ұсынылған өтініш, құжаттар) 3 жыл бойы "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сақталады.

Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района

Постановление акимата Железинского района Павлодарской области от 15 июня 2009 года N 169/5. Зарегистрировано Управлением юстиции Железинского района Павлодарской области 2 июля 2009 года за N 12-6-75. Утратило силу - постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 1 апреля 2010 года N 103/4

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 01.04.2010 N 103/4.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в целях оказания социальной помощи отдельным категориям граждан района, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района (далее - Инструкция).
      2. Признать утратившими силу:
      постановление акимата Железинского района от 19 февраля 2008 года N 59/2 "Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан, финансируемых из районного бюджета" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 12-6-50, опубликованное в районной газете "Родные просторы" N 10 от 8 марта 2008);
      постановление акимата Железинского района от 9 сентября 2008 года N 300/9 "О внесении дополнений в постановление акимата района от 19 февраля 2008 года N 59/2 "Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан, финансируемых из районного бюджета" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 12-6-60, опубликованное в районной газете "Родные просторы" N 41 от 10 октября 2008 года).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Каппасова Б.М.

      Аким района                                Ж. Шугаев

Утверждена
постановлением акимата
Железинского района
от 15 июня 2009 года
N 169/5

ИНСТРУКЦИЯ по назначению социальных выплат
отдельным категориям граждан района 1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция детализирует условия назначения и осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан района в соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 11 июля 2002 года "О социальной медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", решением Железинского районного Маслихата от 26 декабря 2008 года N 108-4/11 "О районном бюджете на 2009 год".
      2. Источник финансирования – местный бюджет.
      3. Совокупный доход семьи лица, претендующего на получение социальных выплат, исчисляется в соответствии с разделом 5 настоящей Инструкции.
      4. Уполномоченным органам по регистрации и учету заявлений граждан является государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Железинского района" (далее – Отдел).
      5. Лицу, претендующему на получение социальной выплаты, необходимо предоставить в Отдел полные и достоверные сведения в соответствии с законодательством Республики Казахстан и извещать Отдел обо всех изменениях, влияющих на право получения тех или иных социальных выплат, не позднее 15 дней со дня событий, повлекших данное изменение.
      6. Состав семьи учитывается на тот период, за который определяется совокупный доход.
      7. В состав семьи не включаются лица, отсутствующие более трех месяцев, за которыми в соответствии с законодательством Республики Казахстан сохраняется право на жилище.

2. Категории граждан, имеющие право
на получение социальных выплат

      8. Право на получение социальных выплат имеют:
      1) инвалиды и участники Великой Отечественной войны;
      2) лица, награжденные медалями "За победу над Германией", "За победу над Японией"; труженики тыла, награжденные медалью "За доблестный труд в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 годы"; жены (мужья) умерших инвалидов и участников Великой Отечественной войны, признанных инвалидами в результате общего заболевания, не вступившие в повторный брак; военнослужащие ставшие инвалидами при исполнении обязанностей воинской службы (инвалиды Советской Армии); участники боевых действий по решению правительственных органов бывшего СССР в 1950-1951 годах (Венгрия);
      3) лица, награжденные медалью "За оборону Ленинграда"; вдовы воинов, погибших в Великой Отечественной войне, не вступившие в повторный брак; бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания; лица вольно-наемного состава Советской Армии; семьи военнослужащих, погибших (умерших) при исполнении обязанностей воинской службы в мирное время;
      4) лица, имеющие звание "Почетный гражданин Железинского района";
      5) дети-инвалиды с ограниченными возможностями до 18 лет;
      6) выпускники общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшиеся без попечения родителей, обучающиеся в высших учебных заведениях области;
      7) лица, освободившиеся из мест лишения свободы в текущем году;
      8) туберкулезные больные, находящиеся на поддерживающей фазе амбулаторного лечения;
      9) онкологические больные, из малообеспеченных семей, средне-душевой доход которых не превышает черту бедности, направленные на обследование в областной онкологический диспансер и на оперативное лечение (операция, химиотерапия, лучевая терапия);
      10) студенты-инвалиды, обучающиеся в высших учебных заведениях и средних специальных учебных заведениях области;
      11) лица, сопровождающие инвалида 1, 2 группы по зрению на санаторно-курортное лечение и на медицинское обследование в пределах Республики Казахстан на автомобильном (кроме такси) и железнодорожном транспорте;
      12) лица, сопровождающие инвалида 1, 2 группы с нарушением опорно-двигательного аппарата на санаторно-курортное лечение и на медицинское обследование в пределах Республики Казахстан на автомобильном (кроме такси) и железнодорожном транспорте;
      13) безработные граждане, состоящие на учете в отделе занятости и социальных программ Железинского района, направленные на прохождение профессиональной подготовки и переподготовки;
      14) дети-инвалиды до 18 лет и лица, сопровождающие их на обследование и лечение в пределах Республики Казахстан на автомобильном (кроме такси) и железнодорожном транспорте;
      15) военнослужащие, принимавшие участие в период ведения боевых действий в Афганистане;
      16) лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС;
      17) одинокие, не работающие пенсионеры;
      18) пенсионеры, получающие минимальный размер пенсии и пенсию при неполном стаже работы;
      19) получатели государственного социального пособия по возрасту;
      20) молодые врачи (в возрасте до 29 лет), прибывшие на работу в сельскую местность в текущем году;
      21) матери-одиночки, имеющие детей с диагнозом детский церебральный паралич;
      22) не работающие по состоянию здоровья граждане из малообеспеченных семей, средне-душевой доход которых не превышает черту бедности;
      23) беременные женщины из малообеспеченных семей, средне-душевой доход которых не превышает черту бедности (своевременно обратившиеся в Железинскую центральную районную больницу для постановки на учет);
      24) одиноко проживающие лица и семейные пары из числа пенсионеров, у которых в одном населенном пункте не проживают совершеннолетние дети, со средне-душевым размером пенсии, с учетом всех видов получаемых социальных пособий, ниже 20000 тенге (без учета иных доходов);
      25) студенты высших медицинских учебных заведений Республики Казахстан, обучающиеся на платной основе на 6-7 курсах и заключившие трех-сторонний договор по интерну на оказание и оплату образовательных услуг с акимом района и высшим учебным заведением;
      26) малообеспеченные семьи, имеющие детей в возрасте до 1 года,  средне-душевой доход которых не превышает стоимости продовольственной корзины, нуждающиеся в дополнительном детском питании по заключению медицинского учреждения;
      27) получатели государственной адресной социальной помощи, а также граждане, состоящие на учете в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Железинского района" в качестве безработных;
      28) дети-инвалиды с нарушениями слуха, обучающиеся в городе Павлодаре в специальной организации образования, а также лица, сопровождающие их;
      29) женщины-инвалиды, имеющие детей в возрасте до 18 лет, одинокие женщины, воспитывающие детей-инвалидов с диагнозом детский церебральный паралич, а также семьи военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время.
      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными постановлениями акимата Железинского района Павлодарской области от 09.09.2009 N 228/8; 02.12.2009 N 317/11.

3. Размеры социальных выплат:

      9. Социальные выплаты назначаются категориям граждан, указанным в пункте 8 раздела 2 Инструкции, по видам:
      1) для категории, указанной в подпункте 1) пункта 8 - единовременная материальная помощь ко Дню Победы 9 мая в размере 10000 тенге; ежемесячная компенсация на приобретение лекарств в размере 1 месячного расчетного показателя (далее - МРП); возмещение стоимости проезда на автомобильном транспорте до областного центра и обратно 1 раз в квартал по фактической стоимости на основании подтверждающих документов; на подписку двух периодических изданий; оплата жилищно-коммунальных услуг в размере 1,25 МРП (кроме услуг за отопление) ежемесячно; единовременная материальная помощь на зубопротезирование по фактическому расходу на основании подтверждающих документов; единовременная материальная помощь на приобретение твердого топлива или на возмещение затрат за отопление в размере 15 МРП;
      2) для категории, указанной в подпункте 2) пункта 8 - единовременная материальная помощь ко Дню Победы 9 мая в размере 2000 тенге;
      3) для категории, указанной в подпункте 3) пункта 8 - единовременная материальная помощь ко Дню Победы 9 мая в размере 2000 тенге; оплата жилищно-коммунальных услуг в размере 1,25 МРП ежемесячно;
      4) для категории, указанной в подпункте 4) пункта 8 - единовременная денежная компенсация по коммунальным услугам в размере 23228 тенге;
      5) для категории, указанной в подпункте 5) пункта 8 - единовременная материальная помощь ко Дню инвалидов в размере 5000 тенге;
      6) для категории, указанной в подпункте 6) пункта 8 - социальная помощь на оплату за обучение в ВУЗах области по фактической стоимости на основании подтверждающих документов и ежемесячно 5000 тенге (оплата за питание и проезд к месту проживания);
      7) для категории, указанной в подпункте 7) пункта 8 - единовременная материальная помощь на обустройство в размере 5 МРП;
      8) для категории, указанной в подпункте 8) пункта 8 - ежемесячная материальная помощь на питание в размере 4 МРП и на проезд в пределах района в размере 1 МРП;
      9) для категории, указанной в подпункте 9) пункта 8 - материальная помощь на возмещение стоимости проезда до областного онкологического диспансера и обратно на автомобильном транспорте (кроме такси) 1 раз в квартал по фактической стоимости на основании подтверждающих документов; единовременная материальная помощь на оперативное лечение в размере 15 МРП без учета доходов;
      10) для категории, указанной в подпункте 10) пункта 8 - единовременная материальная помощь ко Дню инвалидов в размере 10 МРП;
      11) для категории, указанной в подпункте 11) пункта 8 - оплата сопровождающим инвалида 1, 2 группы по зрению на санаторно-курортное лечение по фактическому расходу (проезд, питание, проживание) на основании подтверждающих документов, но не более 40 МРП;
      12) для категории, указанной в подпункте 12) пункта 8 - оплата проезда сопровождающим инвалида 1, 2 группы с нарушением опорно-двигательного аппарата на медицинское обследование и санаторно-курортное лечение по фактическому расходу на основании подтверждающих документов (проезд, питание, проживание), но не более 40 МРП;
      13) для категории, указанной в подпункте 13) пункта 8 - ежемесячная материальная помощь в размере 5000 тенге на период обучения;
      14) для категории, указанной в подпункте 14) пункта 8 - материальная помощь на оплату проезда в пределах республики Казахстан по фактическому расходу на основании подтверждающих документов;
      15) для категории, указанной в подпункте 15) пункта 8 - единовременная материальная помощь ко Дню вывода войск из Афганистана в размере 5 МРП; материальная помощь на оздоровление 1 раз в квартал в размере 2 МРП; оплата жилищно-коммунальных услуг в размере 1,25 МРП ежемесячно; единовременная материальная помощь ко Дню защитников Отечества в размере 2000 тенге;
      16) для категории, указанной в подпункте 16) пункта 8 - материальная помощь на оздоровление 1 раз в квартал в размере 2 МРП; оплата жилищно-коммунальных услуг в размере 1,25 МРП ежемесячно; единовременная материальная помощь ко Дню защитников Отечества в размере 2000 тенге;
      17) для категорий, указанных в подпунктах 17), 18), 19) пункта 8 - единовременная материальная помощь в размере 8 МРП ко Дню пожилых людей на приобретение твердого топлива;
      18) для категории, указанной в подпункте 20) пункта 8 - единовременная социальная помощь на обустройство в размере 200000 тенге на одного специалиста. Не допускается назначение социальной помощи без приказа принятия специалиста на работу;
      19) для категории, указанной в подпункте 21) пункта 8 - материальная помощь в размере 3 МРП ежеквартально;
      20) для категории, указанной в подпункте 22) пункта 8 - ежемесячная материальная помощь, по заключению Врачебной Консультативной Комиссии в размере 5 МРП;
      21) для категории, указанной в подпункте 23) пункта 8 - единовременная материальная помощь в размере 10000 тенге;
      22) для категории, указанной в подпункте 24) пункта 8 - единовременная материальная помощь в размере 8 МРП ко Дню пожилых людей на приобретение твердого топлива. Семьям данной категории материальная помощь выплачивается одному из членов семьи;
      23) для категории, указанной в подпункте 25) пункта 8 – социальная помощь на оплату за обучение в медицинских ВУЗах согласно условиям договора по интерну, заключенного между студентом, акимом района и высшим учебным заведением;
      24) для категории, указанной в подпункте 26) пункта 8 – материальная помощь для приобретения детского питания по заключению медицинских учреждений детям, находящимся на искусственном вскармливании, в размере 5 МРП ежемесячно;
      25) для категории, указанной в подпункте 27) пункта 8 – единовременная материальная помощь для развития личного подворья и самостоятельной занятости по 70,0 тыс. тенге, на приобретение кормов - до 30,0 тыс. тенге (при наличии сельскохозяйственных животных);
      26) для категории, указанной в подпункте 28) пункта 8 – материальная помощь на проезд 1 раз в месяц в размере 3 МРП;
      27) для категории, указанной в подпункте 29) пункта 8 – материальная помощь на подписку двух периодических изданий в размере 3 МРП.
      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 09.09.2009 N 228/8; 02.12.2009 N 317/11.

4. Перечень необходимых документов

      10. Начисление социальных выплат для категории граждан, указанных в подпунктах 1), 2), 3), 15), 16), 17), 18), 19), 21), 24) пункта 8 производятся на основании списка Железинского отделения Павлодарского областного филиала Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканский центр по выплате пенсий" Министерства труда и социальной защиты Республики Казахстан указанных в подпункте 8) пункта 8 - на основании списка, предоставленного из Железинской районной туберкулезной больницы.
      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 09.09.2009 N 228/8.
      11. Граждане, претендующие на получение социальной выплаты представляют в Отдел заявление с указанием лицевого счета и наименования банка или отделения почтовой связи, копии удостоверения личности, регистрационного номера налогоплательщика (РНН) и прилагают следующие документы:
      1) для категории, указанной в подпункте 1) пункта 8 – билеты на проезд, квитанция об оплате за подписку периодических изданий, справка или квитанция об оплате за протезирование зубов;
      2) для категории, указанной в подпункте 4) пункта 8 – документ, подтверждающий статус получателя, книга регистрации граждан;
      3) для категории, указанной в подпункте 5) пункта 8 - книга регистрации граждан, копия справки медико-социальной экспертизы (далее – МСЭ);
      4) для категории, указанной в подпункте 6) пункта 8 – копия трехстороннего договора по интерну на оказание и оплату образовательных услуг между акимом района, студентом и руководителем учебного заведения;
      5) для категории, указанной в подпункте 7) пункта 8 - справка об освобождении с мест лишения свободы, книга регистрации граждан;
      6) для категории, указанной в подпункте 8) пункта 8 - книга регистрации граждан, билет на проезд или личное заявление;
      7) для категории, указанной в подпункте 9) пункта 8 - направление медицинского учреждения, билет на проезд, документы медицинского учреждения о прохождении оперативного лечения;
      8) для категории, указанной в подпункте 10) пункта 8 - копия справки МСЭ, справка с места обучения, книга регистрации граждан;
      9) для категории, указанной в подпункте 11), 12) пункта 8 - выписка из амбулаторной карты, билеты на проезд, книга регистрации граждан, копия справки медико-социальной экспертизы;
      10) для категории, указанной в подпункте 13) пункта 8 - подтверждающий документ учебного заведения о прохождении обучения (выписка или справка из учебного учреждения) по направлению отдела занятости и социальных программ Железинского района;
      11) для категории, указанной в подпункте 14) пункта 8 - копия справки МСЭ, направление медицинского учреждения, билеты на проезд, книга регистрации граждан;
      12) Исключен постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 02.12.2009 N 317/11.
      13) для категории, указанной в подпункте 20) пункта 8 - направление на работу, копия приказа о принятии на работу, книга регистрации граждан, копия социального индивидуального кода (СИК), подлинники и копии трудового договора, диплома об образовании;
      14) для категорий указанной в подпункте 21) пункта 8 – подтверждающий документ статуса получателя, копия свидетельства о рождении ребенка, копия справки МСЭ;
      15) для категории, указанной в подпункте 22) пункта 8 – книга регистрации граждан, акт обследования материально-бытовых условий заявителя, выданный акимом сельского округа, справка о составе семьи с указанием доходов, заключение Врачебной Консультативной Комиссии;
      16) для категории, указанной в подпункте 23) пункта 8 - книга регистрации граждан, акт обследования материально-бытовых условий заявителя, выданный акимом сельского округа, справка о составе семьи с указанием доходов, подтверждающие документы медицинского учреждения;
      17) для категории, указанной в подпункте 25) пункта 8 – копия трехстороннего договора по интерну на оказание и оплату образовательных услуг между акимом района, студентом и высшим учебным заведением, справка с места учебы;
      18) для категории, указанной в подпункте 26) пункта 8 – акт обследования материально-бытовых условий заявителя, выданный акимом сельского округа, справка о составе семьи, справка о наличии подсобного хозяйства, сведения о доходах всех членов семьи, справка с медицинского учреждения;
      19) для категории, указанной в подпункте 28) пункта 8 – копия свидетельства о рождении ребенка, книга регистрации граждан, копия справки медико-социальной экспертизы;
      20) для категории, указанной в подпункте 29) пункта 8 – копия свидетельства о рождении ребенка, копия справки медико-социальной экспертизы, копия извещения о смерти (гибели).
      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными постановлениями акимата Железинского района Павлодарской области от 09.09.2009 N 228/8; 02.12.2009 N 317/11.

5. Исчисление совокупного дохода семьи

      12. В совокупный доход семьи включаются все виды доходов, фактически полученных в денежной или натуральной форме за квартал, предшествовавший кварталу обращения, кроме жилищной и социальной помощи.
      13. Исчисление совокупного дохода производится на основании представленных заявителем сведений о полученных доходах.
      14. Средне-душевой доход исчисляется путем деления совокупного дохода, полученного в квартале, предшествовавшем кварталу обращения за назначением социальной помощи, на число членов семьи и на три месяца.

6. Учет и отчетность

      15. Указанные социальные выплаты производятся Отделом на основании заявлений граждан, с приложением необходимых документов, путем зачисления на их лицевые счета в филиал Народного банка или отделение почтовой связи по месту жительства.
      16. Учет и отчетность расходования средств на оказание социальных выплат осуществляет Отдел.
      17. Первичные документы (заявления, документы, предоставляемые заявителем согласно установленному перечню), на основании которых оказываются социальные выплаты, хранятся в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Железинского района" в течение 3-х лет.