"Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 228/8 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 қыркүйекте N 12-6-77 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 103/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010.04.01 N 103/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 12-6-75 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 шілдедегі аудандық "Родные просторы" N 28 газетінде жарияланған) N 169/5 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауында:
      "2. Жекелеген әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азаматтар санаты" бөлімінде:
      8-тармақ:
      26) тармақшада "кірісі" деген сөздің алдынан "орта есеппен жан басына шаққандағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
      "27) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, сонымен қатар "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтар,";
      "3. Әлеуметтік төлем мөлшері" бөлімінде:
      9-тармақ:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – тамақтануы үшін 4 АЕК мөлшерінде және аудан шегінде жолақысына 1 АЕК мөлшерінде берілетін ай сайынғы материалдық көмек;";
      11) тармақшада "растайтын құжаттар негізінде" деген сөздерден кейін ", бірақ 40 АЕК-нен артық емес;" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) тармақшада "растайтын құжаттар негізінде" деген сөздерден кейін", бірақ 40 АЕК-нен артық емес;" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) тармақшада "облыс орталығына бару және кері қайту" деген сөздер "Қазақстан Республикасының шегінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) тармақшада "15" деген сандар "5" деген санмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
      "25) 8-тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – жеке ауласын дамыту үшін 70,0 мың теңгеден, жемшөп сатып алу үшін 30,0 мың теңгеден бір жолғы материалдық көмек (ауыл шаруашылығы малдары бар болған жағдайда).";
      "4. Қажетті құжаттар тізбесі" бөлімінде:
      10-тармақта "және аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесі" деген сөздер алынып тасталсын;
      11-тармақ:
      1) тармақшада "тұрғын үй-коммуналдық қызметтер төлемі үшін (жылудан басқа) есептесулер;" деген сөздер алынып тасталсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін- азаматтарды тіркеу кітабы, жол билеттері немесе жеке өтініші;";
      9) тармақшада "азаматтарды тіркеу кітабы" деген сөздерден кейін "медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын;
      "19) 8-тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – селолық округ әкімі жанындағы комиссиямен жүргізілетін  өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, селолық округ әкімінің қолдаухаты, "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен берілетін жұмыссыз не мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы мәртебесін растайтын анықтама.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж. Шұғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады