Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010.04.01 N 103/4 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 12-6-75 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 шілдедегі аудандық "Родные просторы" N 28 газетінде жарияланған) N 169/5 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауында:
"Жекелеген әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азаматтар санаты" деген 2-бөлімде:
8-тармақта:
20) тармақшада "әлеуметтік сала мамандары" деген сөздер "жас дәрігерлер (29 жасқа дейінгі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 28), 29) тармақшалармен толықтырылсын:
"28) Павлодар қаласының арнаулы білім ұйымында оқытылатын есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар, сондай-ақ оларды шығарып салушы тұлғалар;";
"29) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер, балалар церебриалды параличі диагнозымен ауыратын балаларды тәрбиелейтін жалғыз басты әйелдер, бейбіт уақытта әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары.";
"Әлеуметтік төлем мөлшері" деген 3- бөлімде:
9-тармақта:
18) тармақшада "11000" деген сандар "200000" деген сандармен ауыстырылсын;
20) тармақшада "3" саны "5" санымен ауыстырылсын;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"25) 8-тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – жеке ауласын дамыту және өздігінен жұмыспен қамтылу үшін 70,0 мың теңгеден, жем-шөп сатып алу үшін 30,0 мың теңгеге дейін бір жолғы материалдық көмек (ауыл шаруашылығы малдары бар болған жағдайда);"
мынадай мазмұндағы 26), 27) тармақшалармен толықтырылсын:
"26) 8-тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – айына бір рет жолақысына берілетін 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;";
"27) 8-тармақтың 29) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – екі кезеңдік басылымға жазылуға 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек.";
"Қажетті құжаттар тізбесі" деген 4-бөлімде:
11-тармақта:
12) тармақша алынып тасталсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) 8-тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;";
мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
"20) 8-тармақтың 29) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі, қайтыс болу (қаза табу) жөніндегі хабарламаның көшірмесі.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Б. Аужанов