Рыноктан жиналатын бір жолғы талон ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 9/10 шешімі. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 мамырда N 91 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 қарашадағы N 2/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 14.11.2012 N 2/10 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсандағы "Бюджетке төленетін салықтар және басқа да төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабының 6 тармағына және Лебяжі аудандық салық басқармасының 2009 жылғы сәуір айының 6-да жүргізген орташа күндік хронометраждық байқау мен зерттеу деректері негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудан аумағындағы рыноктан жиналатын бір жолғы талон ставкаларын рынок бағытына сай қоса тіркеліп отырған 1,2 қосымшаларға сәйкес мөлшерде бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 08 желтоқсандағы "Рыноктан жиналатын бір жолғы талон ставкаларын бекіту туралы" N 3/3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2179 тіркелген, аудандық "Аққу үні" газетінде 2003 жылдың 21 желтоқсанда жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            А. Шаймарданов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Смагұлов

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
14 сәуірдегі N 9/10 шешіміне
1 қосымша        

Кәсіпкерліктің уақытша түрлеріне бір реттік талондардың құны

N Кәсіп түрлері 1 күнгі алымның бағасы (теңге)

1

Газет пен журналдар сату

50

2

Тұқым және екпе көшеттерін сату (көшеттер, өсімтал)

80

3

Бақша дақылдарын сату

250

4

Саяжай мен үй маңында өсірілген гүлдерді сату

50

5

Ауыл шаруашылық, бау-бақша және саяжай өнімдерін өткізу:


- Жануарлардан және өсімдіктерден өндірілетін өнімдер (ірі қара мен жылқы етінен басқасы)

80

- ірі қара мен жылқы еті

230

6

Меншікті трактор иелерінің жер өңдеу бойынша көрсететін қызметтері

250

7

Жануарлар мен құстарды бағу:


- 100 басқа дейін

50

- 100 ден 200 басқа дейін

80

- 200 бастан артық

100

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
14 сәуірдегі N 9/10 шешіміне
2 қосымша       

Нарықтағы өткізім бойынша бір реттік талондардың құны

N Нарықты мамандандыру: 1 күнгі алымның бағасы (теңге)

1

Азық-түлік тауарлары:


Қолдан сату

160

Сөреден сату

180

2

Машина үстінен сауда жасау:


- Азық-түлікке жатпайтын тауарлар

650

- Қолдан сату

160

- Сөреден сату

180

- Машина үстінен сауда жасау

500

- Пайдаланылған тауарлар саудасы

80

3

Семішке сату

30

4

Ізбеске сату

35

5

Жидек сату

80

6

Жемшөп сату

185

7

Қызмет түрлері:


- Ет бөлшектеу

75

8

Сауда орындарына жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсету (жүк тиеуші)

50

9

Екінші дәрежелі қызметтер көрсету (тауар өткізуге көмектесушілер)

50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады