Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 17.10.2013 N 1-19/184 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы, 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 жылға арналған әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" (2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 12-9-100 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестірінде тіркелген, аудандық "Аққу үні" газетінде 2010 жылғы 16 қаңтардағы N 05/7399 нөмірінде жарияланған) N 5/16 шешіміне толықтырулар енгізілсін.
2. Көрсетілген шешімнің қосымшасы "2010 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты" толықтырылып бекітілсін (қосымша тіркеледі).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Бұл шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы М. Смағұлов
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 17 маусымдағы
N 4/21 шешіміне
қосымша
2010 жылы жекелеген әлеуметтік көмекке
құқығы бар азаматтардың санаты
39) "Алтын алқа", "Күміс алқа" медальдарымен марапатталған көпбалалы аналар;
40) жетім балалар.