Жер салығының мөлшері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 74/14 шешімі. Павлодар облысы Успен ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 сәуірде N 68 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Успенка аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы N 118/27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успенка аудандық мәслихатының 19.11.2013 N 118/27 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің келесі баптарында жер салығының мөлшері 50 пайызға арттыру бекітілсін:
      1) 378 бап ауыл шаруашылық нысаналы жерлерге базалық салық мөлшері;
      2) 379 бап жеке тұлғаларға берілген, ауыл шаруашылық нысаналы жерлерге базалық салық мөлшері;
      3) 381 бап елді мекендер (үй жанындағы жер телімдерінің есепке алмағанда) жерлеріне базалық салық мөлшері;
      4) 383 бап елді мекендерден тыс орналасқан өндіріс жерлеріне базалық салық мөлшерлері.
      2.  2003 жылғы 10 қаңтардағы "Жер салығының  мөлшері туралы" N 13/23 (2003 жылғы 8 наурыздағы "Сельские будни" газетінің 9-10 нөмірлерінде жарияланған, N 1638 мемлекеттік нормативтік құқық актілер тізілімінде тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми басылымға жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың
      ІV сайланған ХІV сессия төрағасы           С. Павленко

      Аудандық мәслихатының хатшысы              Т. Байғожинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады