Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы "Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" № 690 Жарлығын жүзеге асыру туралы" № 62 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы "Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы" № 32 қаулысын іске асыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 142 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 шілдеде N 13-3-103 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 6 қаңтарда N 1 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2010.01.06 N 1 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148-II Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 17 қарашадағы «Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» № 690 Жарлығын жүзеге асыру туралы» № 62 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» № 32 қаулысын орындау үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оралмандардың 2009 жылға көшіп келетін 45 отбасына белгіленген квотасы селолық округтер бойынша қосымшаға сәйкес бөлінсін.
      2. Қоса берілген оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы (әрі қарай-Комиссия) бекітілсін.
      3 .Айыртау ауданының ішкі істер бөлімінің көші-қон полиция тобы (келісім бойынша) келген оралмандарды тіркеуді және есепке алуды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
      ауданның атқарушы органдарымен оралмандарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік мәселелерді шешу жөнінде өзара әрекет етуді;
      оралмандарды кәсіптік даярлауды және жаңа мамандықтарға оқытуды ұйымдастыруды.
      Осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын 2010 жылдың 15 қаңтарына дейін ұсынсын.
      5. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      оралмандардың мектеп жасындағы балаларын оқумен толық қамту жөнінде шаралар қабылдасын және қажет болғанда оларды аудан интернатына орналастырсын;
      оралмандардың балаларын әрқашан бастауыш және орта кәсіби білім оқу орындарына оқытуға тарту жөніндегі кәсіптік бағдарлау жұмысын ұдайы жүргізсін.
      6. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық орталық  ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес көшіп келген оралмандармен тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуын қамтамасыз етсін.
      7. Селолық округ әкімдері:
      Оралмандарды қабылдауды, жайғастыруды қамтамасыз етсін, қоныстандырылған жерлеріне олардың бейімделуіне жағдай жасасын;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасу, біліктілігін арттыру және жаңа мамандықты игеру, жер учаскелерін беру туралы мәселелерін қатаң бақылауға алсын;
      Комиссияны 2010 жылдың 10 қаңтарына дейін осы қаулының орындалуы туралы хабардар етсін.
      8. Оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі аудандық комиссия кезеңді түрде селолық округ әкімдерінің, аудандық атқарушы органдар басшыларының оралмандарды қабылдау және жайластыру мәселелері жөніндегі ақпараттарын тыңдап тұрсын.
      9. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Айыртауские зори» (келісім бойынша) және «Айыртау таңы» (келісім бойынша) газеттерінің редакциялары оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жүйелі түрде хабардар етуді қамтамасыз етсін.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р. Тілеубаеваға жүктелсін.
      11. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Айнабеков

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2009 жылы 15 маусымдағы № 142
қаулысына қосымша

Аудан селолық округтері бойынша оралмандар отбасыларын 2009 жылға бөлу

№ р

Селолық округ атаулары

Ресей

Өзбекстан

Монғолия

Барлығы

1

Антоновка


2

1

3

2

Арықбалық


1

1

2

3

Володар


1

1

2

4

Гусаковка


4

2

6

5

Елецкий


2

1

3

6

Жетікөл


1

1

2

7

Имантау


1

1

2

8

Казанка


1

1

2

9

Қамсақты


2

2

4

10

Қаратал


1

2

3

11

Константиновка


4

2

6

12

Лобанов


1

1

2

13

Нижнебурлук


1

2

3

14

Сырымбет


2

1

3

15

Украин


1

1

2

16

Барлығы


25

20

45

Бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
қаулысына 15 маусым 2009 жылы № 142

Оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы

      Тілеубаева
      Раушан Райымжанқызы          комиссия төрағасы, аудан
                                   әкімінің орынбасары;

      Жекебаева
      Гүлзада Амантайқызы          комиссия төрағасының
                                   орынбасары, «Солтүстік Қазақстан
                                   облысы Айыртау ауданының жұмыспен
                                   қамту және әлеуметтік
                                   бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
                                   мекемесінің бастығы;

      Құдайбергенова
      Раш Ертайқызы                комиссияның хатшысы, «Солтүстік
                                   Қазақстан облысы Айыртау ауданының
                                   жұмыспен қамту және әлеуметтік
                                   бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
                                   мекемесінің бас маманы;

      Комиссия мүшелері:

      Айтбаев
      Қанат Киікбайұлы             «Айыртау ауданының ішкі істер
                                   бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
                                   бастығы (келісім бойынша);

      Бұрмағанов
      Құрманбек Жұмабекұлы         «Солтүстік Қазақстан облысы
                                   әкімдігінің Айыртау аудандық
                                   орталық ауруханасы» мемлекеттік
                                   коммуналды қазыналық кәсіпорнының
                                   бас дәрігері (келісім бойынша);

      Жамалиденов
      Тұрлыбек Құмарбекұлы         Айыртау ауданының ішкі істер
                                   бөлімінің көші-қон полициясы
                                   тобының аға инспекторы
                                   (келісім бойынша);

      Жанапин
      Едрес Жәзитұлы               «Солтүстік Қазақстан облысы
                                   Айыртау ауданының жер қатынастары
                                   бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
                                   бастығы;

      Дәулет
      Жаныбайұлы                   «Жылжымайтын мүлік орталығы»
                                   Республикалық мемлекеттік
                                   кәсіпорны Айыртаулық филиалының
                                   бастығы (келісім бойынша);

      Қожақов
      Бағлан Кенжебайұлы           «Солтүстік Қазақстан облысы
                                   Айыртау ауданының білім бөлімі»
                                   мемлекеттік мекемесі бастығының
                                   міндетін атқарушы;

      Мырзалина
      Альбина Қалауқызы            Айыртаудың зейнетақы төлеу
                                   бойынша мемлекеттік орталық
                                   бөлімшесінің бастығы
                                   (келісім бойынша);

      Сейтмағамбет
      Қайырбай Мәжітұлы            «Солтүстік Қазақстан облысы
                                   Айыртау ауданының ішкі саясат
                                   бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің
                                   бастығы;

      Тілепбаев
      Мереке Алдабергенұлы         «Солтүстік Қазақстан облысы
                                   Айыртау ауданының ауыл шаруашылық
                                   бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
                                   бастығы;

      Үмбетпаев
      Серік Бірлікұлы              Қазақстан Республикасы әділет
                                   Министрлігінің «Айыртау ауданының
                                   халыққа қызмет көрсету орталығы»
                                   Мемлекеттік мекемесінің директоры
                                   (келісім бойынша).

      Тілепбаев
      Мереке Алдабергенұлы         «Солтүстік Қазақстан облысы
                                   Айыртау ауданының ауыл шаруашылық
                                   бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
                                   бастығы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады