2009 жылы Ақжар ауданы аумағында 1982-1991 жылы туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 84 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 сәуірде N 13-4-85 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 30 наурызда N 64 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігінің 2010.03.30 N 64 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 4 тарауына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес және 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды және өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінгі қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай – ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған жене шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара Қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министірлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру, Ақжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы, ұйымдастырылсын.
      2. Селолық округтердің әкімдері он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне уақытында келулерін қамтамасыз етсін.
      3. Шақыру комиссиясы қосымшаға келісімді құрамда құрылсын. Шақыру комиссиясының төрағасы Ақжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
      4. Аудандық орталық емханасының бас дәрігері (Сабитова Ш.К.) (келісім бойынша), шақыру комиссия жұмысын сапалы істеу үшін:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес шақырушыларды медициналық куәландырудың жүргізілуін және шақыру медициналық комиссиясының қажетті медициналық аспаптармен жабдықталуын;
      2) стационарлық тексеру үшін төсек-орын саны бөлуді және медициналық қызмет ету және айқындалған ауру шақырушыларды емдеу қамтамасыз етсін.
      5. «Ақжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды өткізуге бөлінген қаражат шеңберінде қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      6. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Серікбаев Қ.Ж.) (келісім бойынша) шақыру мерзімінде шақыру пунктінде жастарды кәсіптік бағыттау және әскери-патриоттық жұмысын жүргізсін.
      7. Ақжар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Бейсенбаев К.А.) (келісім бойынша) әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi және кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсін.
      8. Комиссия Қорғаныс бөлімінің ішінде өтсін.
      9. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 03 сәуірдегі № 107 «2008 жылы Ақжар ауданы аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына Айтмухаметов Ғ.К. жүктелсін.
      11. Осы қаулы оның бірінші рет ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      А.Тастеміров

Аудан әкімдігінің
2009 ж.3 сәуірдегі № 84
қаулысына қосымша

Әскерге шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Негізгі құрам

Резервті құрам

тегі,
аты, әкесінің аты

Лауазымы

тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

1.

Серікбаев
Қаратай Жұмабекұлы

Қорғаныс істері жөнінде
гі бөлімі-
нің бастығы, комиссия төрағасы

Турабай Талғат Сайлауұлы

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары

2.

Каиржанов Ермек
Серикович

Аудан әкімі аппара-
тының әлеумет-тік мәселе-
лер жөнінде-гі бас маманы

Ысқаков Арман
Бауырұлы

Аудан әкімінің құқық мәселелері жөніндегі кеңесшісі

Комиссия мүшелері:

3.

Хамзин
Арстан Жусупович

Аудандық ішкі істер  бөлімі бастығы-ның орынба-
сары

Смагулов
Марат Калиму-
ратович

Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары

4.

Сәбитова
Шолпан Қайыргел-
діқызы

Аудандық орталық емахана-
сының бас дәріге-
рі, медици-
налық комиссия төрайымы

Ахмия
Хадария

Аудандық орталық емханасының Ленинград бөлімшесінің меңгерушісі

5.

Гончарова
Людмила Алексеевна

Аудандық орталық емхана-
сының Ленин-
град бөлімше-сінің медбике-сі

Хасенова
Әлия Шакенқы-зы

Жеткіншектер қызметінің медбикесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады