2010 жылы Ақжар ауданы аумағында 1983-1992 жылы туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 30 наурыздағы N 64 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 сәуірде N 13-4-100 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы N 62 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2011.03.18 N 62 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 4-тарауына, Қазақстан Республикасы Президенттің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінгі қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай–ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара Қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру, «Ақжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы, ұйымдастырылсын.
      2. Селолық округінің әкімдері он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне уақытында келулерін қамтамасыз етсін.
      3. Шақыру комиссиясы қосымшаға келісімді құрамда құрылсын. Шақыру комиссиясының төрағасы «Ақжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
      4. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ақжар аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Сәбитова Ш.Қ. (келісім бойынша), шақыру комиссия жұмысын сапалы істеу үшін:
      1) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысына сәйкес шақырушыларды медициналық куәландырудың жүргізілуін және шақыру медициналық комиссиясының қажетті медициналық аспаптармен жабдықталуын;
      2) стационарлық тексеру үшін төсек-орын саны бөлуді және медициналық қызмет ету және айқындалған ауру шақырушыларды емделуін қамтамасыз етсін.
      5. «Ақжар аудандық қаржы бөлімі» (Ә.Н.Әділова) мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды өткізуге бөлінген қаражат шеңберінде қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      6. «Ақжар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.С.Турабайға (келісім бойынша) шақыру мерзімінде шақыру пунктінде жастарды кәсіптік бағыттау және әскери-патриоттық жұмысын жүргізсін.
      7. Ақжар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы К.А.Бейсенбаев (келісім бойынша) әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi және кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсін.
      8. Шақыру комиссиясы «Ақжар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында өтсін.
      9. «2009 жылы Ақжар ауданы аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 84 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан өкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары Ғ.Қ. Айтмухаметовқа жүктелсін.
      11. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Тастеміров

      Келісілген:

Ақжар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы 30.03.2010 ж

К.А. Бейсенбаев

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ақжар аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері 30.03.2010 ж

Ш.Қ.Сәбитова

«Ақжар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы 30.03.2010 ж

Т.С.Турабай

Аудан әкімдігінің
2010 жылы 30 наурыздағы № 64
қаулысына қосымша

Әскерге шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Негізгі құрам

Резервті құрам

тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

1.

Турабай Талғат Сайлауұлы

Комиссия төрағасы, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы

Плотко Денис Александро-
вич

Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары

2.

Здуәлиев Берік Мағжанұлы

Комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы

Бижігітова Әсем Қавтайқызы

Аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі

Комиссия мүшелері:

3.

Рақымжанов Самат Шерғалиұлы

Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары

Қалиев Қайырболат Баядинұлы


4.

Сәбитова Шолпан Қайыргелдіқызы

Аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, медициналық комиссия төрайымы

Үсенова Марал Төлеубекқы-зы


5.

Гончарова Людмила Алексеевна

Ленинград селолық ауруханасының медбикесі

Хасенова Әлия Шайкенқызы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады