"Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын және "Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысын іске асыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 шілдедегі N 164 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 тамызда N 13-6-120 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 15 маусымдағы N 02.04.05-11/361 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының 2012.06.15 N 02.04.05-11/361 хаты)

      «Қазақстан Респубикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, «Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын, «Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығының іске асырылуы туралы» 2009 жылғы 18 наурыздағы № 62 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің № 62 қаулысын және «2009 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысын орындау мақсатымен, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленген оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасы саны 35 отбасы селолық округтер бойынша қосымшаға сәйкес бөлінсін.
      2. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі- Комиссия) құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне жіберілсін.
      3. Білім беру бөлімі шаралар қолдануы қажет:
      мектеп жасындағы оралмандардың балаларын оқытумен толық қамту және оларды ауданның интернаттарына орналастыру бойынша;
      оралман балаларды техникалық және кәсіби білім ұйымдарында (кәсіптік лицейлер, колледждер, училищелер) оқуға тарту бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілсін.
      4. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ауданның атқарушы органдарымен бірігіп, оралмандарды жұмыспен
қамтамасыз ету және әлеуметтік сұрақтарды шешу бойынша, оралмандардың кәсіби даярлығы мен жаңа мамандықтарға оқуын ұйымдастыруын қамтамасыз етсін.
      5. Орталық аудандық аурухана (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген оралмандарға тегін медициналық көмекті кепілді мөлшерде алуды қамтамасыз етсін.
      6. Селолық округ әкімдеріне:
      оралмандарды қарсы алып, орналастыру, қоныстанған жерге бейімделуі үшін жағдай жасасын;
      Комиссияға 2010 жылғы 10 қаңтарда берілген қаулының орындалуы туралы хабардар етсін.
      7. Комиссия оралмандарды қабылдау және жайғастыру мәселелері бойынша селолық округ әкімдерінің, ауданның атқарушы органдары басшыларының ақпаратын үнемі тыңдасын.
      8. Ішкі саясат бөлімі оралмандарды қабылдау және жайғастыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы аудан жұртшылығын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүйелі түрде арқылы хабардар етуді, тақырыптық кездесулер мен әңгімелер өткізуді қамтамасыз етсін.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Бектасоваға жүктелсін.
      10. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       В. Бубенко

Аудан әкімдігінің
2 шілдедегі 2009 ж.
№ 164 қаулысына
қосымша

Есіл ауданы бойынша 2009 жылға оралмандар отбасын бөлу


Селолық округтер

Барлығы

1

Алматы

3

2

Амангелді

3

3

Бесқұдық

2

4

Бұлақ

1

5

Волошинка

1

6

Заградовка

2

7

Заречный

2

8

Ильинка

2

9

Корнеевка

2

10

Николаевка

2

11

Петровка

3

12

Покровка

2

13

Спасовка

1

14

Таранғұл

1

15

Явленка

7

16

Ясновка

1


35

Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі комиссия
құрамы

Бектасова                         Аудан әкімдігінің орынбасары,
Айнагүл Кәкімжолқызы              коммиссия төрағасы

Есентеміров
Құрманбай Есентайұлы              Есіл ауданының ішкі істер бөлімінің
                                  көші-қон полиция тобының аға
                                  инспекторы, коммиссия төрағасының
                                  орынбасары (келісім бойынша)

Мүсенов                           Жұмыспен қамту және әлеуметтік
Марат Қайыркенұлы                 бағдарламалар бөлімінің жетекші
                                  маманы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Қалиева                           Орталық аудандық аурухананың
Сәуле Сабыржанқызы                бас дәрігері (келісім бойынша)

Жүсіпов                           Жұмыспен қамту және әлеуметтік
Өтеген Рахымғазыұлы               бағдарламалар бөлімінің бастығы

Ткаченко                          Білім бөлімінің бастығы
Владимир Сергеевич

Рыжкова                           Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік
Евгения Александровна             орталықтың аудандық филиалының
                                  бастығы (келісім бойынша)

Николаев                          Ауданның әділет басқармасының
Юрий Александрович                бастығы (келісім бойынша)

Бұжықаев
Жасылан Серікұлы                  Есіл ауданы бойынша «Қазақстан
                                  Республикасы Әділет министрлігінің
                                  тіркеу қызметі мен бірінші көмек
                                  көрсету комитетінің Солтүстік
                                  Қазақстан облысының халыққа
                                  қызмет  көрсету орталығы»
                                  мекемесінің филиал директоры

Әбілмажінова                      Аудандық ішкі саясат бөлімінің
Сәуле Мұратбекқызы                бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады