Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 24.04.2018 № 27/145 (алғашқы рет ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99- IV "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ заңының 6-бабы 1-тармағына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты сессиясының 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 50 шешімімен бекітілген салық салу мақсатында Есіл ауданының жерлерін зоналау Сызбасының негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. - алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 20.03.2015 N 41/257 шешімімен (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Жеке тұлғаларға берілген, Есіл ауданының ауылшаруашылық жерлеріне базалық салық ставкаларына түзету бекітілсін.
Жер төлімдері үшін жер салығының базалық салық ставкасы:
І зонаны – 50 %-ға ұлғайтылсын;
ІІ зонаны - 50 %-ға ұлғайтылсын;
ІІІ зонаны - 50 % көтеру;
IV зонаны - 50 % көтеру.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011.04.06 N 39/233 Шешімімен (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Есіл ауданының елді мекендерінің жерлеріне базалық салық ставкаларын түзету бекітілсін (үй маңындағы учаскелерді алмағанда).
Жер төлімдері үшін жер салығының базалық салық ставкасы:
І зонаны – 50 %-ға ұлғайтылсын;
ІІ зонаны - 50 %-ға ұлғайтылсын;
ІІІ зонаны - 50 % көтеру;
IV зонаны - 50 % көтеру;
V зонаны - 50 % көтеру.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011.04.06 N 39/233 Шешімімен(алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Есіл ауданының елді мекендерінен сыртта жатқан өнеркәсіп жерлеріне базалық салық ставкасы өзгеріссіз қалдырылсын.
5. Осы шешімге сәйкес Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы салық салу кезінде заңды және жеке тұлғаларға базалық салық ставкаларын түзетуді қолдансын.
5-1. 2, 3, 4 тармақтар автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерге таратылмайды.
Ескерту. Шешім 5-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 20.03.2015 N 41/257 шешімімен (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б. Шериязданов |
КЕЛІСІЛДІ: 2009 жылғы 28 желтоқсан Есіл ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы |
Р. Аңбаев |