Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 24.04.2018 № 27/145 (алғашқы рет ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы заңының 1-бабы 3-тармағының 107) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/145 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-6-139 тіркелді, 2010 жылғы 14 мамырдағы "Есіл таңы" және 2010 жылғы 19 ақпандағы "Ишим" аудандық газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
аталған шешімнің 1 тармағы жойылсын;
аталған шешім келесі мазмұнда 5-1 тармағымен толықтырылсын:
"5-1. 2, 3, 4 тармақтар автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерге таратылмайды."
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.