Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 24.04.2018 № 27/145 (алғашқы рет ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабы 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/145 шешіміне (мемлекеттік тіркеу тізілімінің аймақтық тарауында 2010 жылдың 19 қаңтарында № 13-6-139 тіркелді, 2010 жылғы 14 мамырдағы № 22 (207) "Есіл таңы" және 2010 жылғы 19 ақпандағы № 9 (8471) "Ишим" аудандық газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы:
"20 % төмендету" сөздері "50 %-ға ұлғайтылсын" сөздерімен ауыстырылсын;
"өзгеріссіз қалдырылсын" сөздері "50 %-ға ұлғайтылсын" сөздерімен ауыстырылсын;
"20" сандары "50" сандарымен ауыстырылсын;
"40" сандары "50" сандарымен ауыстырылсын;
2-тармақтағы:
"20 % төмендету" сөздері "50 %-ға ұлғайтылсын" сөздерімен ауыстырылсын;
"өзгеріссіз қалдырылсын" сөздері "50 %-ға ұлғайтылсын" сөздерімен ауыстырылсын;
"20" сандары "50" сандарымен ауыстырылсын;
"40" сандары "50" сандарымен ауыстырылсын;
3-тармақтағы:
"30 % төмендету" сөздері "50%-ға ұлғайтылсын" сөздерімен ауыстырылсын;
"10 % төмендету" сөздері "50%-ға ұлғайтылсын" сөздерімен ауыстырылсын.
"10" сандары "50" сандарымен ауыстырылсын;
"30" сандары "50" сандарымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Г. Макаров |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | Б. Шериязданов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Есіл ауданы бойынша | |
Салық басқармасының бастығы | Р. Аңбаев |