Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2010.03.09 N 40 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегі ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілсін:
1) тұрмыстық шаруашылық ұйымдарына қалалардың, елді мекендердің
аулаларын жинауға көмек көрсету;
2) жол құрылысы және жолды жөндеу, су, газ құбырын,
канализацияларды салу, кеспе тас және жол жиегінің тастарын салу, сондай-ақ сол жұмыстар үшін қосалқы материалдарды (құрылыс тастарын, қиыршық тас, плиталар, кұм, т.б.) дайындау. Елді мекендердегі жолдарды ағымдағы жөндеу (шұңқырларды және жол жиегін қолда бар материалдармен жабу, көпір салу, кіреберіс жолдарды жөндеу);
3) мелиоративтік жұмыстар, сондай-ақ көктемгі-күзгі су тасқындарына байланысты жұмыстарды жүргізу;
4) тұрғын үйлер құрылысына, оларды қайта салу және күрделі жөндеуге қатысу. Әлеуметтік және мәдениеттік маңызы бар коммуналдық меншік болып табылатын мәдениет үйі, денсаулық сақтау (ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер) және білім беру объектілері, селолық округ әкімдері аппараттары және басқа да бюджеттік ұйымдар үшін жалға берілген ғимараттар, егер осы мақсатқа жергілікті бюджетте қаражат қарастырылмаған болса немесе объектілерді тиісті түрде ұстау үшін ол қаражат жеткіліксіз болса) объектілерде қысқа дайындау, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу жөнінде көмек көрсету;
5) тарихи-сәулет ескерткіштерін, кешенін және қорық аймақтарын
қалпына келтіру;
6) өңірді экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру және
көркейту, ағаш отырғызу, гүлзарлар бөлу), орман шаруашылығын, дем алатын жерлерді және туризм аймақтарын сақтау және жетілдіру, қаңғырма жануарларды аулау);
7) спорттық іс-шараларды, мерейтой салтанаттарын, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындауға қатысу, соның ішінде мұз қалашықтарын салудағы қосалқы жұмыстарды да орындау;
8) республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарға (сауалнама
жүргізу, халық санағы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
мәселелері жөніндегі статистикалық тексеріс) қатысу;
9) халықтың аз қамтамасыз етілген жіктері және жалғызбасты қарттар, жаңадан қоныс аударған оралмандар, сондай-ақ қала мен аудандардың әлеуметтік-тұрмыстық мәдениет объектілері үшін отын және жемазық дайындауға, көмірді артуға, жеткізуге және түсіруге көмек көрсету;
10) үй шаруашылығы санағын жүргізуге және шаруашылық кітабын
жасауға көмек көрсету;
11) аудан әкімінің коммуналдық меншігіндегі әлеуметтік-мәдени
бағыттағы маңызы бар объектілерді, сондай-ақ бос тұрған ғимараттарды
күзету;
12) шалғай елді мекендерде тұратын тұрғындардың төлқұжаты жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарына (халықты төлқұжаттау үшін қажетті құжаттарды жинау және ресімдеу жөніндегі көмек) уақытша көмек көрсету;
13) селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарына жәрдемдесу отрядтарына қатысу;
14) алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009.02.27 N 41 Қаулысымен
15) балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын балалар-жасөспірімдер клубтары арқылы ұйымдастыру жөніндегі бір жолғы жұмысты (мерекелік және мерейтой даталарына дайындық) өткізу;
16) саябақтар, скверлер аумағын (жеке меншік объектілерінен басқа) көркейту және күзету;
17) зираттарды, қоқыс жинайтын жерлерді көгалдандыру, соның ішінде қалдықтар жинауды ұйымдастыру;
18) бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде жылу беру
маусымы кезінде пеш жағушы ретіндегі жұмыс;
19) жалғызбасты ауру қарт азаматтарды күту (тамақ, дәрі-дәрмек сатып әкелу, үй ішін жинау, ағарту, еден сырлау, кір жуу, көкөніс отырғызу, арам шөп жұлу және жинау);
20) иесіз қалған жылжымайтын мүлікті анықтауға көмек көрсету;
21) тұрғындарды тұрақты жері бойынша құжаттауда және тіркеуде
техникалық қызмет көрсету;
22) оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі тапсырмаларды орындау;
23) мемлекеттік тілдегі өтініштер бойынша іс жүргізуде көмек көрсету;
24) құжаттарды өңдеуге және сақтауға даярлауға көмектесу;
25) жұмыспен қамту мәселелері және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау кезінде қажетті құжаттарды жинау жөнінде көмек көрсету;
26) су және жылумен қамтамасыз ету саласында өзінің монополияландыру жағдайы күшінде және әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы тура мемлекеттік басқаруды талап ететін жергілікті инфрақұрылымдардың тіршілік жүйесін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ұйымдарына көмек көрсету.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009.02.27 N 41 Қаулысымен
2. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыссыз азаматтарды қосымшада көрсетілген ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009.12.4 N 290 Қаулысымен
3. Жамбыл аудандық қаржы бөлімі аудандық мәслихаттың сессиясында 2009 жылға бекітілген бюджеттің қаржысы шегінде ақылы қоғамдық жұмыстары қаржыландырсын.
4. Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республиқасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II Заңының 20-бабы 2-тармағына сәйкес азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тізімге тіркелген күніне сәйкес жүзеге асырылсын, мақсатты топтарға енген жұмыссыз азаматтардың қоғамдық жұмысқа қатысу құқығы басыңқы болып табылады.
5. Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілген азаматтарға ақы төлеу облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 (2001 жылғы 30 шілдедегі тіркеу № 398) «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды және жұмыссыздардың кәсіби даярлығын,біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту қаулысы негізінде төленеді.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жүктеледі.
7. Аудан әкімдігінің «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2007 жылғы 06 желтоқсандағы № 323 қаулысының (2008 жылғы 14 қаңтардағы тіркеу № 13-7-60 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 25 қаңтардағы аудандық «Ауыл арайы - Сельская новь» газетінің 4 нөмірінде жарияланған ) күші жойылды деп танылсын.
8. Аудан әкімдігінің осы қаулысы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енеді.
Аудан әкімі С. Ыбыраев
Аудан әкімдігінің 2009 жылдың
4 желтоқсанындағы № 290 қаулысына
қосымша
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009.12.4 N 290 Қаулысымен
Ұйымдардың тізімі
1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер.
2. «Жамбыл ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
3. «Жамбыл аудандық мұрағат» мемлекеттік мекемесі;
4. «Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.