Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2010.01.20 N 13 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 17 қаулысына (2009 жылғы 18 ақпандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 13-7-104 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 27 ақпандағы «Ауыл арайы» газетінің 8 нөмірінде мемлекеттік тілде, 2009 жылғы 27 ақпандағы «Сельская новь» газетінің 8 нөмірінде орыс тілінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 14) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн
өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Ыбыраев