Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 17 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылдың 27 ақпандағы № 41 қаулысына (2009 жылғы 2 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 13-7-105 нөмірімен тіркелген, "Ауыл арайы" газетінің 2009 жылғы 13 наурыздағы 10 нөмірінде, 2009 жылғы 20 наурыздағы 11 нөмірінде мемлекеттік тілде, "Сельская новь" газетінің 2009 жылғы 13 наурыздағы 10 нөмірінде, 2009 жылғы 20 наурыздағы 11 нөмірінде орыс тілінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
"17" санынан кейінгі тақырыптың атауы "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде" сөзімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Ыбыраев