Жамбыл ауданы базарларында тауар өткізетін тұлғалар үшін бір реттік талондардың құнын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 16/9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 мамырда N 13-7-109 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы N 13/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 28.03.2013 N 13/6 шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36-бабы 6-тармағына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТІ:
      1. Жамбыл ауданы базарларында тауар өткізетін тұлғалар үшін бір реттік талондардың құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Жамбыл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 6/38 шешімі күшін жойды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 29 маусым 13-7-53 нөмірімен тіркелді, 2007 жылғы 13 шілде аудандық «Ауыл арайы – Сельская новь» газетінің 32 нөмірінде жарияланды).
      3. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Кезектен тыс                              Аудандық мәслихаттың
      XVI сессияның төрайымы                    хатшысы
      Л.Шатохина                                Б.Мұсабаев

Жамбыл аудандық мәслихаты сессиясының
2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16/9 шешіміне
қосымша

Жамбыл ауданы базарларында тауар өткізетін тұлғалар үшін бір реттік талондардың құны

Өткізілетін тауарлардың атауы

Бір реттік талонның бір күнге құны теңгемен

1. Азық-түлік тауарлары саудасы


Сөреден сауда

350

Қолдан сауда


Балық сату

187

Ет өнімдерін сату

385

2. Халық тұтынатын тауар саудасы


Қолдан сауда


Сөреден сауда

316

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады