2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында аудан аумағында Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 71 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 мамырда N 13-9-90. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының 2011 жылғы 3 қазандағы N 02.06-05-05/843 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының 2011.10.03 N 02.06-05-05/843 хаты)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағына, 20-бабы 3-тармағына, 23 бабына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру ережесі туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді қорға шығару туралы және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда әскери қызметке шақыру бойынша белгіленген мерзімдерде жиырма жеті жасқа жетпеген әскери қызметте болмаған, оқу орындарынан шығарылған азаматтар, сондай-ақ шақыртудан кейін қалдыруға және босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының ер балаларын мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз етсін.
      2. Ауданда әскерге шақыруды жүргізу үшін құрамы қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.
      3. Шақыру комиссиясы Булаев қаласында Мағжан Жұмабаев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пуктінде жүргізілсін.
      4. Орталық аудандық емхананың бас дәрігері Г.Т.Сағындықоваға (келісім бойынша) әскери оқу орындарына түсетін әскерге шақырылғандар мен кандидаттарды медициналық куәландыру үшін:
      мамандығы бойынша тәжірибелі маман-дәрігерлер және орта медициналық персоналдың қажетті санын бөлу;
      әскерге щақыру комиссиясын қажетті медициналық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері В.В. Уваровқа (келісім бойынша) аудандық ауруханада әскерге шақырылғандарды стационарлық тексеру үшін орын бөлу ұсынылсын.
      6. «Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі шақыру науқанын жүргізу кезінде:
      алыс елді мекендерде тұратын азаматтарды медициналық және әскерге шақыру комиссиясын өтуге жеткізу үшін ПАЗ 672 автобусын бөлуді;
      қызмет көрсететін персонал және техникалық жұмысшылардың қажетті санымен қамтамасыз етсін.
      7. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ж.Қ. Шәріповқа ұсынылсын (келісім бойынша):
      Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери міндет туралы» Заңының 27 және 28-баптарына сәйкес кейінге қалдыру және босату туралы шешім қабылдаған кезде заңдылықты қамтамасыз ету;
      әскерге шақыру аяқталған соң аудан әкімдігіне әскерге шақырудың қорытындысы туралы ақпарат беру.
      8. Ауданның қаржы бөлімінің бастығы М.И. Омарова бөлінген қаражат шегінде шақыру науқанын уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      9. Әскерге шақыру пунктіне іссапарға жіберілген шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ қызмет көрсету персоналының жұмыс орны, лауазымы және еңбекақысы сақталады.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.П. Мұсақұловаға жүктелсін.
      11. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                     А. Сапаров

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 3 сәуірдегі
қосымшасы

Әскерге шақыру комиссиясының құрамы

Шәріпов Жайлау – аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің
Қабылқайырұлы    бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Бражник Галина - аудан әкімі аппаратының бас маманы,
Николаевна       комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Донова Людмила - салауатты өмір салты бойынша медициналық бике,
Николаевна       комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Тәженов Қайрат – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
Сералыұлы        орынбасары (келісім бойынша)

Учайкина Галина – аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары,
Васильевна        медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)

Шақыру комиссиясының қандай да бір мүшелері міндеттерін атқару мүмкіндігі болмай қалған жағдайға, резервті комиссия құрамы құрылсын:

Өтеуов Ерлан - Әскери қызметшілерді келісім-шарт
Сайранұлы      бойынша алу және әскерге шақыру
               бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім
               бойынша)

Алдаева Сара -  ауданның ішкі саясат бөлімінің бастығы,
Тілеубергенқызы комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Васильева Светлана - аудандық емхананың аға медбикесі,
Леонидовна      комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Көшеков Қанат - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
Рамазанұлы      орынбасары, полиция майоры келісім бойынша)

Сапарова Бахытгүл - аудандық емхананың терапевт дәрігері(келісім
Ялгашқызы          бойынша)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады