Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 16.04.2018 № 3-25 с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 387-бабына, 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес және аудан жерлерінің аумақтарын анықтау сызбасының негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың "Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13с (2009 жылғы 21 мамырдағы № 13-13-104 СҚО Уәлиханов ауданының әділет басқармасында тіркелген және 2009 жылғы 1 мамырдағы № 22 "Шұғыла" және "Ел тынысы" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі мазмұндағы 3-тармағымен толықтырулар енгізілсін:
"3. Көрсетілген шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді."
2. Көрсетілген шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.
Сессия төрағасы, | |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Ә. Бейсенбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
салық басқармасының төрағасы
Х. Ыбраев