"Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 шілдедегі № 6-33 с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 тамызда N 3336 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 3-25 с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 16.04.2018 № 3-25 с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 21 мамырдағы № 13-13-104 тіркелген, 2009 жылғы 1 маусымдағы "Шұғыла" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "Кодекстің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, сәйкесінше:
      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V шақырылған ХХХІІІ сессия
төрағасы
Т. Кожанов
      Уәлиханов аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б. Кәдіров
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік
кірістер Департаментінің
Уәлиханов ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекеме
басшысы
2015 жылғы 30 маусым
Ш. Альмурзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады