Шал ақын ауданының мемлекеттік мекемелерімен "Мал басы туралы мәлімет" бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 2 ақпандағы N 17 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 ақпанда N 13-14-71 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 27 қарашадағы N 356 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2012.11.27 N 356 Қаулысымен

       «Әкімшілік рәсімдеулер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңы 1 бабы9-1 бабы15-1 бабына, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің тұрпатты стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558, «Жеке және
заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің бекітілуі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шал ақын ауданының мемлекеттік мекемелерімен «Мал басы туралы мәлімет» мемлекеттік қызмет көрсетудің берілген стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік
күн аяқталғаннан кейін күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                        А. Әмрин

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
2 ақпан № 17 қаулысымен
бекітілді

«Мал басы туралы мәлімет» мемлекеттік қызмет көрсетудің СТАНДАРТЫ 1. Жалпы ереже

      1. Берілген стандарт мал басы туралы мәлімет алу үшін анықтама берудегі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (келесіде - мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің үлгісі: жартылай автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңдарының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа 1 қосымшада нұсқалған мемлекеттік мекемелермен көрсетіледі (ілгеріде – ауыл шаруашылығы бөлімі және селолық округтер әкімдерінің аппараты).
      5. Мал басы туралы мәліметті беру мемлекеттік қызметтің аяқталу формасы болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (ілгеріде – өтініш берушілер).
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету келесі мерзімдерге белгіленген:
      1) өтінушінің қажетті құжаттарды тапсыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 30 минут;
      2) қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейінгі кезекте тұрудың ең көп уақыты: 30 минут;
      3) құжаттарды алудағы кезекте тұрудың ең көп уақыты: 30 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін жүргізіледі
      9. Осы стандартқа 1 қосымшада нұсқалған мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, сонымен қатар оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат ауыл шаруашылығы бөлімі және селолық округтер әкімдерінің аппараттары ғимараттарының стендтарында орналасқан.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету дүйсенбіден жұмаға көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібі бойынша алдын ала жазылусыз және жұмыс күннің ішінде тез қызмет көрсетіледі.(сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00- ден 14-00-ге дейін).
      11. Ауыл шаруашылығы бөлімі және селолық округтер әкімдерінің аппараттарының күту залы, құжаттарды толтыру орны бар, қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілерімен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет алу үшін арызданушы ұсынады:
      1) қабылдау жүргізетін маманымен берілетін өтініш, бланк;
      2) Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігі (төлқұжаты), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (заңды тұлғалар үшін), тіркеу орны бойынша Шал ақын ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы, Сергеевка қаласы, Желтоқсан 31 көшесі мекен-жайы бойынша беріледі жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбі – сенбі, сағат 9.00-ден
      18.00-ге дейін, үзіліссіз, телефон 8-715-34-2-73-80.
      13. Барлық қажетті өтініштер бланкілері қабылдау өткізетін маманда.
      14. Осы стандартқа 1 қосымшада нұсқалған 12 тармақта тізбеленген құжаттар ауыл шаруашылығы бөлімі және селолық округтер әкімдерінің аппараты ұсынылады.
      15. Құжатты тапсырған өтінушіге қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген үзбелі талон беріледі.
      16. Қызмет көрсетудің әдісі жеке бару арыз беруші қабылданған шешім туралы жазбаша түрде, пошта бойынша немесе осы стандартқа 1 қосымшада нұсқалған ауыл шаруашылығы бөлімі және селолық округтер әкімдерінің аппараты маманында жеке қабылдауда хабарландырылады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін себеп болған негіздердің толық тізбесін көрсету нақты стандарттың 12 бөлімінде белгіленген құжаттарды өтінушінің бермеуі.

3. Жұмыс қағидасы

      18. қызметті тұтынушыға қатысты басшылық жасайтын мемлекеттік органның жұмыс қағидалары:
      1) сыпайылық;
      2) кәсіптілік;
      3) жеделдік;
      4) ақпаратты дұрыс түсіндіру;
      5) өтініш берушінің құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығы;
      6) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушілігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымдық тұлғаның іс-әрекетіне шағымдану және шағымды дайындауда жәрдем көрсету тәртібі осы стандартың 1-қосымшасында нұсқалған ауыл шаруашылығы бөлімі және селолық округтер әкімдерінің аппараты түсіндіріледі;
      «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен мекенжайы: 151300, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победы көшесі, 35 үй, кабинет 301, телефонының нөмірі 8-715-34-2-12-55, электрондық поштасы shalakyn-akimat@sko.kz.
      22. Шағым беріледі осы стандартың 1 қосымшасында нұсқалған ауыл шаруашылығы бөлімі және селолық округтер әкімдерінің аппараты басшылары;
      Шағым беріледі аудан әкімі аппаратының басшысының мекенжайы: 151300, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка
қаласы, Победы көшесі, 35 үй, кабинет 301, телефонының нөмірі 8-715-34-2-12-55, электрондық поштасы shalakyn-akimat@sko.kz.
      23. Шағымның түскендігін растайтын құжат болып, арыздың
қабылданғаны туралы тіркеу журналында тіркелген талон болады, онда берілген шағымға жауапты алудың орны мен мерзімі көрсетілген. Шағым
қаралуы туралы ақпараты болады.

6. Байланыс ақпарат

      24. Осы стандартың 1 қосымшасында нұсқалған ауыл шаруашылығы бөлімі және селолық округтер әкімдерінің аппараты басшылары;
      «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен басшысының мекенжайы: 151300, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победы көшесі, 35 үй, кабинет 305, телефонының нөмірі 8-715-34-2-12-55, электрондық поштасы shalakyn-akimat@sko.kz, сайт: http://www.shn.sko.kz.
      25. Басқа қажетті ақпаратты тұтынушы 8-715-34-2-70-76 телефоны бойынша алуына болады.

«Мал басы туралы мәлімет»
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына
1 қосымша

Аудан аумағында «Мал басы туралы мәлімет» мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік мекемелердің ақпараты

Мемлекеттік мекемелердің атаулары

Мекен-жайы, телефоны, электрондық адресі

Ауыл шаруашылығының бөлімі

Ауыл шаруашылығының бөлімі

«Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

151300 Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победы көшесі, 35 8-715-34-2-06-96 кабинет № 214 dshshlk@mail.ru

Селолық округтер әкімдерінен аппараттары

Селолық округтер әкімдерінен аппараттары

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

151301 Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Афанасьев селолық округі, Афанасьев селосы 8-715-45-2-25-24

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Аютас селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

151300 Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Аютас селолық округі, Қаратал селосы 8-715-34-2-53-23

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Городецк селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

151302 Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Городецк селолық округі, Городецк селосы 8-715-34-2-37-19

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Жаңажол селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

151309 Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Жаңажол селолық округі, Жаңажол селосы 8-715-34-2-42-43

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

151304 Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Кривощеков селолық округі, Кривощеков селосы 8-715-34-2-43-69

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Октябрь селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

151306 Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Октябрь селолық округі, Октябрь селосы 8-715-34-2-34-83

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Приишим селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

151307 Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Приишим селолық округі, Повозочное селосы 8-715-34-2-91-32

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Новопокров селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

151305 Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Новопокров селолық округі, Новопокровка селосы 8-715-34-2-47-82

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Семипол селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

151308 Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Семипол селолық округі, Семиполка селосы 8-715-34-2-32-68

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Ступин селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

151309 Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ступин селолық округі, Ступинка селосы 8-715-34-2-22-46

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сухорабов селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

151310 Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сухорабов селолық округі, Сухорабовка селосы 8-715-34-2-53-33

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Юбилейный селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

151303 Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Юбилейный селолық округі, Крещенка селосы 8-715-34-2-21-22

«Мал басы туралы мәлімет»
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына
2 қосымша

Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы

Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері

Көрсеткіш- тердің нормативтік мағынасы

Келесі жылдағы көрсеткіш- тердің мақсатты мағынасы

Есеп беру жылындағы көрсеткіш- тердің ағымдағы мағынасы

1

2

3

4

1. Дер кезділік

1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары

95

85

75

1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)

90

90

85

2. Сапа

2.1.қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90

75

70

2.2.лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.)  % (үлесі)

95

80

75

3. Қол жеткізушілік

3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

80

70

65

3.2.тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)

90

80

75

3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі)

50

45

40

4. Шағымдану үрдісі

4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)

0.1

0.2

0.25

4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)

95

90

85

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

85

70

65

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

95

70

65

5. Сыпайылық

5.1.персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90

100

95

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады