Шал ақын ауданы бойынша жер салығының базалық төлемақысын түзету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 20/10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 ақпанда N 13-14-93 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы N 36/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 31.03.2015 N 36/15 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, "Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99–IV Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес, аудан әкімінің аймаққа бөлу және ұсыну сұлбасының негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99–IV Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарымен белгіленген жер салығының төлемақылары:
      1) 378-бабы бойынша "Ауыл шаруашылығы тағайындау жеріне базалық салық төлемақылары" – 50 пайызға;
      2) 379-бабы бойынша "Жеке тұлғаларға ұсынылған ауыл шаруашылығы тағайындау жеріне базалық салық төлемақылары" – 50 пайызға;
      3) 381-бабы бойынша "Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы жер телімдерін қоспағанда) базалық салық төлемақылары" – 50 пайызға;
      4) 383-бабы бойынша "Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жеріне базалық салық төлемақылары" – 50 пайызға жоғарылатылсын.
      2. "Шал ақын ауданы бойынша жер салығының базалық төлемақысын түзету туралы" аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 28 қаңтардағы сессиясының № 5/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң іске енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
ХХ сессиясының төрағасы
З. Құрманқұлов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Н. Дятлов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шал ақын ауданы бойынша
салық басқармасы
бастығының орынбасары
2009 жылғы 25 желтоқсан
С. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады