Атырау облысында су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы N 261-IV шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2009 жылғы 23 қарашада N 2554 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 2 наурыздағы N 416-IV шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2011.03.02. N 416-IV шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 Су кодексінің 38 бабына сәйкес облыстық мәслихат кезекті ХVII сессиясында ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген Атырау облысында су объектілерінде ортақ суды пайдаланудың қағидасы белгіленсін.
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М. Шырдабаев) жүктелсін.

      Облыстық мәслихаттың
      XVII cессия төрағасы                 А. Есенжанов

      Облыстық мәслихат хатшысы            Ж. Дүйсенғалиев

Облыстық мәслихаттың    
2009 жылғы 16 қазандағы  
N 261-ІV шешімімен бекітілді

Атырау облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың
Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Ортақ су пайдаланудың Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 "Қазақстан Республикасының Су кодексімен" және 2006 жылғы 13 наурыздағы Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде N 4117 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігінің Су ресурстары комитеті төрағасы міндетін атқарушысының 2006 жылғы 9 ақпандағы N 18 "Қазақстан Республикасында жалпы су пайдаланудың типтік ережелерін бекіту туралы" Бұйрығына сәйкес әзірленді.
      2. Ортақ су пайдалануға жататын су объектілері:
      1) техникалық құралдарды қолданбай жер үсті су көздерінен су алу кезінде;
      2) кеме қатынасы, оның ішінде кіші суларда жүзу;
      3) малды суару үшін.
      3. Ортақ су пайдалану, ортақ су пайдаланудың объектілерінде, сонымен қатар, ортақ су пайдаланудың объектілеріне жатпайтын су объектілерінде жүргізілуі мүмкін және рұқсаттың болуын талап етпейді.
      4. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.

            2. Ерекше жағдайлардағы ортақ су пайдалану

      5. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
      6. Атырау облысының аумағында ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
      7. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектілері ортақ пайдаланудағы объектілер болып табылады.
      8. Жергілікті өкілді органдар азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ортақ су пайдалану ережелерінде Атырау облысы аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу тыйым салынған жерлерді айқындауы мүмкін.
      9. Бекітілмеген су объектілерінде Ережені бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салатын белгілер мен плакаттарды орнату жергілікті атқарушы органдармен қамтамасыз етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады