Қалалық Мәслихаттың 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 108 "Атырау қаласы бойынша 2009 жылғы салық ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау қалалық әкімиятының 2009 жылғы шілдедегі N 135 шешімі Атырау қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 тамызда N 4-1-104 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100- IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып және қалалық прокурорының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 7-16-09 наразылығын негізге ала отырып, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қалалық Мәслихаттың 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 108 "Атырау қаласы бойынша 2009 жылға салық ставкаларын бекіту туралы" (Атырау қалалық Әділет басқармасында 28 ақпан 2009 жылы № 4-1-99 тіркелген, 2009 жылдың 12 наурызында "Атырау" газетінің № 29 жарияланған) шешіміне төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
      1 тармағында көрсетілген 1 қосымшаға:
      № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 9, № 10, № 11 тармақтарымен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Атырау қалалық Мәслихатының экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н. Мырзағалиев) жүктелсін.
      3. Осы шешім Атырау қалалық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      ХІ сессия төрағасы                           Т. Бекенов

      Қалалық Мәслихат хатшысы                     Б. Казиманов

IV шақырылған Атырау қалалық
Мәслихатының XI сессиясының
2009 жылғы 8 шілдедегі № 135
шешіміне 1 қосымша    

N

Салық салу объектісі қала

1 күндік
ставка 2009 ж.

1

Қолдан сату


2

Азық түлік өнімдерін сөреден сату:


1) көкеніс (картоп, пияз, сәбіз, қияр)

70

2) жеміс-жидек (банан, апельсин, алма, ананас) 

70

3) кондитер тағамдары, май-сүт өнімдері, салаттар, құрғақ жемістер

160

4) ет және ет өнімдері  

260

3

Азық-түлік, өндірістік, тұрмыстық-электро тауарларын контейнерден сату:


1) 3-5 тоннаға дейін

250

2) 5-10 тоннаға дейін

250

3) 10-40 тоннаға

250

4

Азық-түлік, өндірістік тауарларын көліктен сату

250

5

Өнеркәсіп тауарларын сөреден сату:


1) шаруашылық және құрылыс материалдары

255

2) сыртқы киім, аяқ киім және түбіт орамал

160

3) тері және тері орнына қолданатын бұйымдары (құндыз бөрік, тон, малақай)

150

4) тұрмыстық химия заттар

150

5) ойыншықтар және кеңсе тауарлары

100

6) кілем және жиhаз бұйымдары

400

7) алтын және зергерлік бұйымдар

360

8) сувинирлер

100

6

Сөрелерден және контейнерлерден автокөлік қосалқы бөлшектерін сату

500

7

Автокөлік сату


1) жеңіл

200

2) жүк көлігі және арнайы техника

200

8

Мал сату


1) әрбір қорадан ірі қара мал үшін

288

2) әрбір қорадан қой мен ешкі үшін

288

9

Балық және балық өнімдері

160

10

Газет журналдар

50

11

Ара тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құнының ұсынылған мөлшері (эпизодический характер):


11.1

Қолдан сату (арнаулы сату орындарынан басқа):



1) газет, журналды сату

50


2) тұқым және екпе дақылдарын сату

50


3) бақшалық өнімдерін сату

50


4) ауыл шаруашылығы өнімдері және аяжайларда, бақшаларда өсірілген азық-түлік өнімдерін сату

50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады